Еліміздің төрінде төрткүл дүние көз тіккен үлкен шара өткелі жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еліміздің төрінде төрткүл дүние көз тіккен үлкен шара өткелі жатыр

29.08.2024
0
Еліміздің төрінде төрткүл дүние көз тіккен үлкен шара өткелі жатыр

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Республикалық Құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли ұлттық құрама спортшыларының қатысуымен жиналыс өткізді. Басқосуда жаһандық додада еліміздің намысын қорғайтын құсбегілердің дайындығы пысықталды.

Елордада өткен жиынға Құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли, вице-президенттер – Жанжігіт Омархан мен Бағдат Мүптекеқызы, сондай-ақ атқарушы директор Базарбек Кунтуған және құсбегі спортшылар қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Құсбегілік сайысы бойынша бақ сынайтын ұлттық құраманың дайындығы. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын құсбегіліктен тоғыз спортшы қорғайды. Олар  бүркіт құсы бойынша – Серікбек Кунтуган, Ерзат Байкадамов, Арман Кушкаров, қаршыға құсы бойынша – Дәурен Аршабай, Бағдат Кеуенов, Құдайберген Рауилұлы және ителгі құсы бойынша – Ерлан Кенжетаев, Бақдәулет Бабажан, Ибрагим Базарбаев.

Жоғарыда аты аталған 9 азамат ел ішіндегі чемпионаттарымызда құстары қанатына жүлде байлап, жүзден жүйрік шыққан үздіктер. Жыл басынан бері ұлттық құрама сапындағы құсбегілер үшін Алматы қаласы мен Ақмола облысында екі оқу-жаттығу жиыны өткен болатын. Үшінші оқу-жаттығу жиыны Астана қаласында 27 тамыздан 7 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстандық спортшылардың Көшпенділер ойындарына дайындығы федерация президентінің жеке бақылауында.

«Еліміздің төрінде төрткүл дүние көз тіккен үлкен шара өткелі жатыр. Осы дүбірлі додада ел туын сеніп тапсырған спортшыларымызға федерация атынан сәттілік тілеймін. Шапқан аттың тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр даланың иесін, қыран баптап, құс салған бекзада өнердің киесін танытатын сәтте аянып қалмайық. Мемлекет басшымыздан бастап бүкіл ел бізге сенім артып отыр», – деді Құсбегілік федерациясының президенті.

Сонымен қатар Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында медальдік міндеттемелер мен қосымша сыйақы мөлшері жарияланды.

Белгілі болғандай, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының атынан жеке спорт түрлерінде жеңімпаздар – бірінші орын үшін 500 мың теңге, екінші орын иеленгендер – 300 мың теңге, қола жүлдегер  200 мың теңгеден алады. Бұдан бөлек, дүбірлі додада құсбегіліктен Қазақстан қоржынына медаль салған ұлттық құрама мүшелеріне федерация президентінің атынан арнайы сыйақы берілетіні айтылды. Яғни, 1-орын үшін – 1 000 000 теңге, 2-орынға – 500 000 теңге, 3-орынға  300 000 теңге бәйге тігіліп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, «Құсбегілік» спорт түрінен жарыс   12-13 қыркүйекте Астананың этноауыл аумағында өтеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада «Zhas Alem» балалар мен жастардың шығармашылық фестивалі өтеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мектептер білім алатын қауіпсіз орын болуға тиіс

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.