Конституцияның 29 жылдығын мерекелеп жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Конституцияның 29 жылдығын мерекелеп жатыр

30.08.2024
0
Конституцияның 29 жылдығын мерекелеп жатыр
Коллаж Halyq Uni

30 тамыз – Конституция күні. Биыл Ата заңға 29 жыл толды. Елімізде Конституция екі рет қабылданды. Алғаш 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған құжатта Қазақстан парламенттік республика деп көрсетілді. Алайда 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум өткізіліп, Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл құжат қазірге дейін қолданылады. Ата заң 9 тарау, 98 баптан тұрады.

БИЛІКТІҢ БІРДЕН-БІР БАСТАУЫ – ХАЛЫҚ

Ата заң «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз» деп басталады.

Сондай-ақ Ата заңның 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, деп көрсетілген.

Ал екінші бапта Қазақстанның президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екені айтылады. Сондай-ақ елдің астанасы Астана қаласы деп көрсетілген.

Үшінші бапта «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жазылған.

Ата заңның 4-бабына сәйкес, Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.

Конституцияның 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілі – қазақ тілі екені, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатыны көрсетілген.

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ҚАНДАЙ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ?

Мерекеге орай Астанада 50-ден астам мәдени, спорттық, әлеуметтік іс-шара өтеді.

28-29 тамызда сағат 10.00 ден 18.00-ге дейін Байқоңыр ауданы Жазушылар аллеясында «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

29 тамызда «Астана қаласы мемлекеттік архиві» ММ-нің әлеуметтік желілерінде «Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты виртуалды көрме өтеді. Сағат 19:00-де Есіл жағалауында «Жасай бер, қазақ елі» концерті ұйымдастырылады.

29 тамыз сағат 10.00-ден бастап Ұлттық музейде салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында шақырылған ресми тұлғалардың құттықтау сөздері, мәдени бағдарлама, Конституция тарихына арналған Ұлттық музей залдарына экскурсия жүргізілу жоспарланған. 10.00-де Ж.Досмухамедұлы, 2 мекенжайындағы №55 орта мектебінде Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында шағын футболдан жарыс өтеді.

17:00-де Жастар сарайында «Жасыл ел» жобасының жабылу салтанаты өтеді. Жиын барысында концерт ұйымдастырылып, үздік сарбаздар марапатталады.

30 тамыз сағат 9.00-де Көшпенділер ойындары аясында «Аспан» спорт кешенінде жастар мен ересектер (ерлер, әйелдер) арасында асық атудан қалалық ашық кубок ұйымдастырылады. Сағат 8.00-де «Ботаникалық саябақта» бұқаралық жүгіру өтеді.

30 тамыз «Нұра» ауданының мектеп оқушыларына «Атамекен» этно-мемориалды кешеніне экскурсия жүргізіледі. 11:00-ден бастап 20:00-ге дейін Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Жас Әлем» балалар фестивалі ұйымдастырылады.

30-31 тамыз күндері сағат 9.00-де «Дәулет» спорт кешенінде әуесқойлар арасындағы теннис турнирі өтеді. 31 тамыз сағат 19:00-де Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Alem заманауи этно-шоу балетінің Nomads fire концерті өтеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтауы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Білім беру тәсілі: Елімізде жаңа оқу жылы қалай басталмақ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.