Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар және тапсырмалар бар – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар және тапсырмалар бар

02.09.2024
0
Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар және тапсырмалар бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі бастамалары оның бұған дейінгі жолдауларынан және сайлау алдындағы бағдарламасынан бастау алған реформаларды одан әрі дамытуға арналды.

Бұл пікірді бүгін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин білдірді.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Президент атап өткен барлық тоғыз басымдық мемлекеттік саясатты дәл осы міндетті орындауға жұмылдырады. Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар және тапсырмалар бар. Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті маманда даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамсыз ету сияқты басымдықтарды айрықша атап өтеуге болады»,-деп жазды Мемлекеттік кеңесші өзінің Telegram арнасында.

Сондай-ақ ол Президент қоғамда бір жыл бойы талқыланып жатқан Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдумды өткізу күнін белгілегенін атап өтті. Бұл референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының және Әділетті Қазақстан идеясының жүзеге асырылып жатқанының тағы бір айқын дәлелі.

Мемлекет басшысы халықты алаңдатып отырған бірқатар өзекті мәселеге арнайы тоқталды. Оның ішінде интернет-алаяқтық, жол апаттары, әскердегі тәртіп, наркобизнеске қарсы күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің кемшілігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласын шектен тыс мемлекеттік бақылау, ауыл шаруашылығы статистикасын бұрмалау сияқты түйткілдері бар.

Жолдаудағы көптеген әлеуметтік-экономикалық бастамалар Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырыстарында айтқан идеологиялық тұжырымдардың іс жүзінде жүзеге асырылуының көрінісі болғанын атап өткен жөн.

«Президент Жолдауын жариялауға арналған жиынға депутаттар, министрлер және әкімдер ғана емес, түрлі салада қажырлы еңбегімен дараланған жұмысшылар, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың және аймақтық қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысты. Бұл тәжірибе жаңа саяси дәстүрге айналып келеді. Жалпы, Жолдау көптеген күнделікті міндеттерді шешу және елді дамытудың стратегиялық мақсаттарына жету жолдарына арналды»,-деп қорытты Ерлан Қарин.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ЛОГИСТИКА МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК – ЭКОНОМИСТ 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА НЕСИЕ АЛУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ҚАЖЕТ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.