Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Үстел теннисінен Қазақстан кубогы: астаналық спортшылар күміс жүлдеге ие болды

Үстел теннисінен Қазақстан Республикасының кубогы Өскемен қаласында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Республикалық додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарының ерлер және әйелдер құрамалары қатысты.

Ел кубогы жолындағы бәсекеде Астана қаласының ерлер құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық жарыста күміс жүлдеге ие болды.

Елорда құрамасының сапында Сағантай Құрмамбаев, Тимофей Герасименко, Александр Герасименко, Ермек Бекназаров өнер көрсетті.

Осылайша, елордалық үстел теннисшілері республикалық додада табысты өнер көрсетіп, Қазақстан кубогының күміс жүлдегері атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Вес не преграда: на каком самокате кататься людям с высоким весом?

admin_altyalash

Бүгін Түркияда күрестен әлем чемпионаты басталады

admin_altyalash

Біз білім мен инновацияға негізделген экономика құрып жатырмыз

admin_altyalash