Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Алматыда Халықаралық археологиялық симпозиум өтті

Алматы қаласында 26-27 қыркүйек күндері «Қазіргі таңдағы Еуразия археологиясының көкжиегі және парадигмасы» атты І Халықаралық археологиялық симпозиумы өтті. Іс-шара көрнекті ғалым, археолог Кемел Ақышевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ауқымды шараны Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, К.А. Ақышев атындағы ғылыми-зерттеу институты және ҚР Орталық мемлекеттік музейі бірлесе өткізді.

Симпозиум жұмысына Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Украина, Армения, Молдова, Польша, АҚШ, Кипр, Англия, Германия, Үндістан, Қытай, Нидерланды және Моңғолия сияқты жиырма елден келген зерттеушілердің басын қосты. Іс-шара аясында Еуразия археологиясының өзекті мәселерін талқылап, шешу тетіктерін қарастырған 100-ге жуық баяндама тыңдалды.

Сипозиум жұмысы ҚР Ғылым және жоғары білім министірі Саясат Нұрбектің құттықтау сөзімен ашылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда

admin_altyalash

Қазақстан мен Грузия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 77%-ға артты

admin_altyalash

Вместе мы — сила: стаж Максутовых в энергетике превысил 100 лет

admin_altyalash