фото ашық дереккөз
«Air Astana» әуе компаниясы бүгіннен бастап ата-аналар ұшақта ересектердің қарауынсыз ұшатын балалар үшін арнайы алым төлейтінін айтты, деп хабарлайды altyalash.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Енді ел азаматтары 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды ұшақпен ұшыратын болса 9 750 теңге қосымша ақы төлеуге тура келеді.
Әуе компаниясының айтуынша, ақысы төленген жағдайда борт қызметкерлері баланы әуежайға тіркелген сәттен бастап, баратын жердегі жауапты тұлғаның қолына тапсырғанға дейін қызмет атқарады.
Балалар сапардың басынан аяғына дейін экипаждың бақылауында болады.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.