Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Бұл салаға өз ісін жетік білетін мамандар қажет

Салынатын атом электр станциясы қоршаған ортаға зиян келтірмеуін қадағалау маңызды. Ол үшін бұл салаға өз ісін жетік білетін мамандар қажет.
Мамандарды дайындау кезінде тәжірибесі мол, бұрыннан АЭС-тың игілігін көрген алып мемлекеттермен кеңескен жөн. Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция сынды елдерге мамандарымызды тәжірибе алмасу үшін жіберіп, олардың біліктілігін арттыруды басты мақсат етуіміз керек. Оқып келгендер де өздеріне артылған үлкен міндетті түсінуі тиіс. Өйткені олар елдің ертеңі үшін аса маңызды рөл атқармақ.
Еліміз уран өндірісі бойынша әлемде көшбасшы мемлекет саналады, ал уран қоры бойынша екінші орында тұр. Республика аумағында атом саласында 18 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бізде Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты белсенді әрі жемісті жұмыс істеуде. Отандық және шетел ғалымдарымен, оның ішінде МАГАТЭ-мен халықаралық ынтымақтастық жолға қойылған.

Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының актері әрі режиссері Самал Абуов

Ұқсас жаңалықтар

JOLTAP жобасы астаналық тұрғынға кәсібін кеңейтуге көмектесті

admin_altyalash

Арқар атқан Түркістан облысының тұрғыны мемлекетке 15 млн теңге төледі

admin_altyalash

Әлеуметтік маңыздағы 20-дан астам жолаушылар пойызын тексерді.

admin_altyalash