Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Жәнібек қарсыласын нокаутпен жеңді

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасып, қарсыласын нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды altyalash.kz

Жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтті. 12 раундқа жоспарланған кездесу 9 раундта уақытынан бұрын аяқталды. Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша қазақстандық спортшы екі чемпиондық титулын (WBO, IBF) қорғады.

Ал Андрей Михайлович кәсіпқой рингтегі 22 жекпе-жегін өткізді. Бұл оның алғашқы жеңілісі. Қазір ол Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3-орында тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Дәстүрлі дода еңбек адамын ұлықтауға арналды

admin_altyalash

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

admin_altyalash

Баспаналы болу отбасын, әсіресе балаларды қуанышқа кенелтеді

admin_altyalash