Табиғатты таза ұстау әрқайсымыздың міндетіміз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Табиғатты таза ұстау әрқайсымыздың міндетіміз

01.11.2024
0
Табиғатты таза ұстау әрқайсымыздың міндетіміз

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында тек сенбілік шаралар ғана ұйымдастырылып қоймай, ақпараттық-түсіндірмелі және қайырымдылық бағытта да жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы altyalash.kz хабарлайды Жетісу облысының әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның бірі жастарға қызмет көрсету орталығында 1 қараша күні «ЭКОtime» тақырыбында жастармен кездесу өтіп, қатысушыларға қоқысты қалай дұрыс сұрыптау және сол арқылы қайырымдылықпен айналысу жолдары түсіндіріліп, іс жүзінде көрсетілді.

Өңірдегі экобелсенді, волонтер Аманжолұлы Ғазиз 2021 жылдан бері өз үйінің ауласында целлофан, қағаз, металл, тұрмыстық қалдықтар және пластик бұйымдарын бөшкеге бөлек сұрыптап, барша азаматтарды аталған істен үлгі алуға шақырады.

Экобелсенді сұрыпталған қоқысты – ай сайын шикізатты қабылдап алушы компанияларға өткізіп, түскен қаржыны қайырымдылық қорларына өткізіп келеді, соның бірі «Харекет» қоры. Бұл бастама бір оқпен екі қоянды атқандай деп есептейді.

2024 жылдың тамыз айында республикалық акцияға қолдау білдіру мақсатында экобелсенді өзінің жеке бастамасымен спонсорлық көмекпен Талдықорған қаласындағы аз қамтылған отбасыларға 100 дана қоқыс сұрыптайтын контейнерді тегін таратып, қоқысты дұрыс сұрыптау жолдары түсіндірді. Сонымен қатар, сұрыпталған қоқысты қабылдайтын компаниялардың тізімін де қосып берген.

Жақсымен пайдалы іске барша жетісулықтарды шақырамыз!

Жалпы, өздеріңізге мәлім, тек ел аумағында ғана емес, табиғаттың қоқыспен ластануы барлық мемлекеттердің жерлеріне де мұхиттарға үлкен зардаптарын тигізуде. Жанған қоқыстар улы химикаттар бөліп, адам денсаулығының асқынуына бірден бір себеп болып отыр. Өкінішке орай, адамдардың қоқысты сұрыптау мәдениетіне әлі де алшақтау болып тұр, керісінше қоқысты целлоффанға салып, тастай салу немесе жолда кетіп барып, кез-келген жерге лақтыра салу сынды жағдайлары азаймай тұр.

Сонымен қатар, Жетісу облысының Жастарға қызмет көрсету орталығының мамандары ұйымдастырумен «Таза орта» акциясын ұйымдастырды. Акциясының мақсаты,  ғимарат тазалығын сақтау барысында артқарылатын тазалық жұмыстарын жүргізу,  жұмыс орнында қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету.  Акцияға Жастарға қызмет көрсету орталығының мамандары, техникалық қызметкерлері қатысты.

Таза болса табиғат – аман болса адамзат деген ұранды ұстай келе, адамзат баласын табиғатты таза ұстау әрқайсымыздың міндетіміз деп есептейміз.

Айта кету керек,  «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында жалпы 1990 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 10714 тонна қоқыс шығарылып, 2445 км арық желісі тазаланды. Облыс аумағында акция кезінде 38003 түп көшет отырғызылды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Бүгінгі күннің өзінде жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 226 мыңнан астам адам атсалысты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Темір жол арқылы жаңа жол өткелі салынады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.