Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады

13.11.2024
0
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады

Тараптар Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP29) тиісті келісімге қол қойды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бұл Ислам даму банкінің тарихындағы қаржыландырған ең көлемді жобасы екенін атап өтті.

Сонымен қатар Ислам даму банкі (ИДБ) Қазақстанның су саласын дамытуға $3,5 млн көлемінде өтеусіз грант бөлді.

Сондай-ақ ИДБ Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген «Климат өзгерісіне төзімді су ресурстарын дамыту» жобасын іске асыруға қатысады. Бұған дейін тараптар Жобаның бірінші кезеңі бойынша келіссөздер хаттамасына қол қойған болатын.

Қаржыландырылатын жобаның бірінші кезеңі Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жобаны қоса алғанда, 4 жаңа су қоймасын салуды және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялауды, 115 каналды реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қарастырады. Құрылыс жұмыстары Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүргізіледі.

Бұдан басқа, жоба ИДБ мен Министрлік арасындағы Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Су және өзен бассейндерінің мәселелерін зерделеудегі техникалық ынтымақтастықты, сондай-ақ су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ден қою жүйелерін енгізуді бағалауды көздейді.

Оның ішінде «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын техникалық жарақтандыру және су ресурстарын басқаруды жетілдіру үшін автоматтандыру орталығын салу жоспарлануда.

«Мемлекет басшысы су саласына инвестиция тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап көрсетті. Біздің алдымызда су инфрақұрылымын жаңғырту және болып жатқан климаттық өзгерістерге бейімдеу міндеті тұр. Ислам даму банкі сияқты беделді институттың қаржыландыруы елімізге деген жоғары сенімді, жүргізіліп жатқан инвестициялық саясат пен әлеуметтік-экономикалық реформаларды куәландырады», — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Байқауда жоғары марапаттарға ие болу — еліміз үшін үлкен мәртебе

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Моңғолиядан Қазақстан тарихына қатысты фото және киноқұжаттар табылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.