Бүгін таңертең Алматыда жекеменшік мектептің маңында тұрған көлік ішінен адам мәйіті табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды.
Алматы қаласы Полиция департаменті ақпаратты растады.
“Ер адамның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Осы факті бойынша тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған”, – делінген хабарламада.
Полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.