Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Шымкент қаласының судьясына қатысты тергеу аяқталды

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті.

Агенттік Шымкент қ. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады. Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр.

Бас прокуратура ағымдағы жылы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін, әрбір адам кінәсіз болып саналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте бюджет қаражатын жымқырып, пәтер сатып алған лауазымды адамдар ұсталғанын жазған болатынбыз.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Смайылов Иран президентімен инвестиция мәселесін талқылады

admin_altyalash

Астанада параүстел теннисінен алғаш рет турнир өтіп жатыр

admin_altyalash

Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді

admin_altyalash