Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Өнім ұнтақ және түйіршік түрінде қолжетімді

«СК Протеин» ЖШС ірі қара мал мен жылқы терілерінен жоғары протеинді жемдік қоспалар өндіру бойынша жобаны сәтті жүзеге асырды.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен және «Ғылым қоры» АҚ-мен ынтымақтастық аясында компания 350 миллион теңге көлемінде грант алды.

Жоба жылына 5,4 мың тонна шикізатты қайта өңдеп, 2,4 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаруға қабілетті.

2024 жылдың 11 айында 675 тонна тері өңделіп, 300 тонна протеин өндірілді.

ProtSAN атты жануар тектес жемдік қоспа жоғары ақуыз құрамымен ерекшеленеді. Өнім ұнтақ және түйіршік түрінде қолжетімді. Қоспа жоғары сапалы жем өндіруде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының, құстың, өнім бермейтін жануарлар мен балықтың рационына тікелей қосуға қолданылады. Өнімді «Алматы технологиялық университеті» АҚ зерттеп, оның құрамында ГМО жоқ екендігін анықтады.

Ұқсас жаңалықтар

ПАВОДКИ: КАНАТ ШАРЛАПАЕВ ПОБЫВАЛ В БУЛАНДЫНСКОМ РАЙОНЕ

admin_altyalash

«Отбасы банк» запустил онлайн-ипотеку

admin_altyalash

Экспертное обсуждения на тему «Роль атомных технологий в создании зеленой энергетики»

admin_altyalash