Митинг ел астанасы Ұлан-Батырдағы Сухе-Батордың орталық алаңында өтті.
Моңғол бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық жергілікті уақыт бойынша таңғы 11-де басталып, он сағатқа созылған. Дегенмен билік оны тек 17:00-ге дейін өткізуге рұқсат берген.
Сондай-ақ, кейбір наразылық білдірушілер алаңда орналасқан үкімет сарайына шабуыл жасамақ болған. Бірақ полиция арнайы күштері оларды қуып жіберген.