Құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын көрді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын көрді

15.01.2025
0
Құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын көрді

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады.
Алдымен 2023 жылы Индустрияландыру картасына енгізілген нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешенінің құрылыс барысымен танысты. Жоба бастамашысы «Қызылорда Нан» серіктестігі, 3,8 млрд теңгеге аумағы 6166 шаршы метр нысан салынуда.
Кондитерлік цехта нан-тоқаш өнімдерінің 100-ден астам түрінен, жылына 2520 тонна кондитерлік өнім дайындалады. Ал, макаронның 15-тен астам түрінен 1152 тонна өнім шығару жоспарланған.Кешен толық іске қосылғанда 67 адам жұмыспен қамтылады.
Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы жолаушы вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласындағы «Цифрлық депо» кешенінің жұмысымен танысты. Бұл жоба да Индустрияландыру картасына енгізіліп, құрылыс толығымен аяқталған. Ресейден 54 жабдық жеткізіліп, жақын күндері пайдалануға беріледі.
Облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралап шыққан аймақ басшысы кешендер ұзақ уақыт қызмет етуі, халыққа пайдалы, өнімдері сұранысқа сай болуы үшін сәулетті, сапалы етіп салу керектігін ескертті.
Айта кетейік, облыста алдағы бесжылдықта 1,9 трлн теңгенің 86 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Өткен жылы 37 млрд.теңгенің 21 жобасы іске қосылды. Оның ішіндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Қорқыт ата әуежайының» жаңа терминалы пайдалануға берілді. «Орда Гласс» серіктестігінің шыны зауыты айналасында энергия үнемдейтін шыны өндірісінің жаңа желісі іске қосылды. Одан бөлек, минералды ұнтақ өндірісі, асфальтбетон зауыты, газоблок, шлакоблок, металл өңдеу, 4 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы, құрт өндірісі, балық өңдеу, 5 күріш ақтау зауыты, жүгері өндірісі, тамшылатып суару әдісімен орман питомнигін ұйымдастыру жобалары бар.
Биылға 286,8 млрд.теңгеге бағаланған 24 жоба жоспарланған. Түркиялық «Акса Энерджи» компаниясының қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу орталығының құрылысы қарқынды жүруде. Орталық екінші жартыжылдықта іске қосылады.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін жылдық қуаттылығы 720 мың шаршы метр болатын айна өндірісі, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ жасайтын, жылына 90 млн.дана керамикалық кірпіш шығаратын өндірістер, жолаушылар вагондарын жөңдеу және техникалық қызмет көрсету кешені ел игілігіне айналады. Қуаттылығы 141,2 МВтболатын 4 күн және 1 жел-электр станциясы да биыл пайдалануға беріледі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бақсай су арнасында 180 мың дана балық шабағы құтқарылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.