Ірі сауда желілеріндегі көкөністердің барлығы қазақстандық фермерлердің өнімі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ірі сауда желілеріндегі көкөністердің барлығы қазақстандық фермерлердің өнімі

31.01.2025
0
Ірі сауда желілеріндегі көкөністердің барлығы қазақстандық фермерлердің өнімі

Бүгінде Алматыдағы ірі сауда желілерінде көкөніс қоры жеткілікті мөлшерде ұсынылған. Себебі өнімді қазақстандық фермерлерден тікелей сатып алып отыр. Қаланың бір сауда желісінің қоймасында 500 тоннадан астам көкөніс сақталса, ал осы желінің бір дүкенінде 7,5 тонна өнім бар.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қаладағы ірі сауда желілерін аралап, сауда субъектілерінің өкілдерімен кездесті. Дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің үлесін арттыру мәселесі талқыланды. Министр Алматыдағы сауда желілерінің жалпы ассортиментінің елеулі бөлігін қазақстандық өнімдер құрайтынын атап өтті. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар, әсіресе сүт өнімдері, жоғары үлеске ие. Мысалы, Алматы дүкендеріндегі сүт өнімдерінің 97%-ы Қазақстанда өндірілген.

«Біз қазақстандық фермерлермен және өндірушілермен тығыз жұмыс істейміз, олардың өнімдерін сауда желілерімізге жеткізуге күш салып жатырмыз. Ірі сауда желілеріндегі көкөністердің барлығы қазақстандық фермерлердің өнімі. Сондай-ақ, құс еті мен өсімдік майы сияқты басқа да әлеуметтік маңызы бар өнімдердің үлесін арттыру маңызды қадам болып табылады», – деді министр.

Отандық өндірушілерді одан әрі қолдау мақсатында министр бірқатар бекітілген міндеттемелер туралы айтты. Атап айтқанда, «Қазақстанда жасалған» деген арнайы белгілердің болуы міндеттелген. Сонымен қатар, ішкі сауданы қолдау функциясының заңнамалық түрде Сауда министрлігіне берілуі отандық өндірушілерге үлкен мүмкіндік болып отыр. Бұл шара мемлекеттік қолдау алған сауда объектілеріне сөре кеңістігін 20%-ға арттыруды міндеттейді. Енді дүкен сөрелерінің кемінде 50%-ы қазақстандық азық-түлік өнімдерімен, ал кемінде 20%-ы тұрмыстық тауарлармен толтырылуы тиіс. Бұл тауарлар тұтынушылар үшін көрнекі әрі қолжетімді жерлерге орналастырылуы керек.

«Тұтынушыларды алдауға жол бермеу үшін біз тауарлардың сапасы мен орналасуына қойылатын талаптарды күшейттік. Мысалы, тауарлар дұрыс көршілестік қағидаты бойынша орналастырылуы тиіс: сүт өнімдері сүт сусындарымен, ал май – майдың балама түрімен қатар тұрмауы қажет», – деп қосты Арман Шаққалиев.

Министр, сондай-ақ, Алматыдағы сауда орталықтарында отандық өндірушілердің тауар көрмелерін ұйымдастыруды ұсынды. Бұл шара тұтынушылардың сапалы әрі қолжетімді қазақстандық өнімдерге деген сұранысын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Алматыда 11 ірі сауда желісі және 3500-ден астам шағын дүкен жұмыс істейді. Осы бастамалар жергілікті өндірушілердің өнімдерінің дүкен сөрелерінде кеңінен ұсынылуына ықпал етеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда «Birlik» ансамблінің гала-концерті өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырамын

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.