Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі – жылу желілерінің жағдайын дрон арқылы қашықтан бақылау – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 22, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі – жылу желілерінің жағдайын дрон арқылы қашықтан бақылау

13.02.2025
0
Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі – жылу желілерінің жағдайын дрон арқылы қашықтан бақылау

Ақмола облысында Мемлекет басшысының бірыңғай дрондар инфрақұрылымын енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында пилоттық жоба іске қосылды.

«Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы» атты бұл жоба мемлекеттік және инфрақұрылымдық жобаларды басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Жүйе мектептер мен жолдардың құрылысын бақылауға, жылу желілерінің жай-күйін қадағалауға, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңбұзушылықтарды анықтауға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімдігінде өткен жиында Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жобаны облыс әкіміне таныстырды. Презентация барысында пилотсыз ұшу аппараттарын жедел бақылау мен талдау жүргізуде пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді.

Облыс әкімі бұл бастаманы қолдап, пилоттық кезең аясында дрондар Көкшетау және Қосшы қалаларында қолданылатынын атап өтті. Сонымен қатар, шалғай елді мекендерді тексеру үшін мобильді дрондар пайдаланылады.

«Цифрлық технологиялар мемлекеттік басқару саласында маңызды рөл атқарады. Инновациялық шешімдер көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар ықтимал қауіп-қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді. Ақмола облысы осындай озық жобаларды енгізуде пилоттық өңір болуға дайын», – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі – жылу желілерінің жағдайын дрон арқылы қашықтан бақылау. Бұл жылу шығындарын анықтап, оларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дрондар жер қойнауын пайдалану саласындағы заң бұзушылықтарды тіркеп, экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

«Қазіргі технологияларды пайдалану әлеуметтік нысандар – мектептер мен жолдардың құрылысы барысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, тиімділігін арттырады және басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға ықпал етеді», – деп атап өтті Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Мағжан Ержан.

Жобаны жүзеге асыру аясында Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Мағжан Ержан мен «Қазақтелеком» АҚ-ның цифрлық бизнес дивизионының бас директоры Абылайхан Оспанов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, цифрлық технологияларды дамыту және заманауи мониторинг құралдарын пайдалану – өңірді дамытудың басым бағыттарының бірі. Егер «Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асса, оны бүкіл облыс аумағында кеңейту жоспарланып отыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруі тиіс

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Біз күн панельдерін толықтай өз қолымызбен жасаймыз

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.