Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Сыр елінде сенбілік жалғасуда

Аймақта “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы жаппай сенбілік одан әрі жалғасуда. Тазалық шараларына біркісідей қатысқан 110 мыңнан астам еріктілер, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері, қала, аудан және ауыл тұрғындары 3 800 тоннадан астам қоқыс қалдықтарын жинады. Елді мекендердегі 373 сквер мен парк, 152 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 520 әлеуметтік, 732 өнеркәсіп және бизнес,19 су нысанының маңайы мен 3 467 көше бойы тазартылды. Оған 900-ден астам техника жұмылдырылды.
Жыл басынан бері облыс аумағына 49 765 түп өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.
Өңірдің барлық елді мекеніндегі санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗҰУ-ДА ҚЫТАЙЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ӨТУДЕ

admin_altyalash

Астанада ауыр және ірі көлемді көліктеріне 3 миллион 700 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

admin_altyalash

Психолог кеңесі: Баланы мектепке қай жаста берген дұрыс?

admin_altyalash