Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша басты сот отырысы жалғасуда – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша басты сот отырысы жалғасуда

18.04.2025
0
Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша басты сот отырысы жалғасуда

фото:qaz365.kz

Шерзат Полаттың ісідегі куәгер Эльмира Нұрбекова: Бір ер адам «қару алып, атып тастаймын» деп айқайлады

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша басты сот отырысы жалғасуда. Бүгін бұл іс бойынша куәгер Эльмира Нұрбекова түсініктеме берді.

Эльмира Нұрбекова бүгін сотталушылар орнында отырған жігіттердің кейбірін ғана танитынын айтты. Ол Дархан Әскентайдың таныстары мінген көліктердің бірінде «Қамажай» дүкеніне келген. Оның сөзінше, «Эйфория» кафесінде ол құрбысы Данамен және екі күн бұрын танысқан жігіттермен бірге мекеме жабылғанша отырған. Даяшы шығуларын өтінген соң, Нұрбекова, Дана, Нұрқияс Ілиясов пен Равиль Сакиев қара түсті көлікке мініп, дүкенге барған.

«Дүкеннің алдында жігіттер тұрды, бәрі амандасып, сөйлесіп тұрды. Мен Данаға дүкеннен темекі алайық деп ұсыныс жасадым. Машинадан шығып, топтың арасымен өткенде бетінде көгерген ізі бар, не сызат, не қан екенін ажырата алмаған бір жігітті көрдім.

Дүкенге кірдік, ішінде бейтаныс екі жігіт пен тағы бір ер адам тұрды. Біз оны сатушы шығар деп ойладық. Темекі сатуды сұрадық, ол: «Жоқ, сатпаймын, қазір қару алып, атып тастаймын», – деді. Біз дүкеннен шығып кеттік. Дүкеннің қасында тағы бір қара көлік тұрды. Мен сол көлікке барып, қасында тұрдым», – деді Нұрбекова.

Оның айтуынша, сатушы дүкенді жауып тастаған, біреу есікті теуіп жіберген. Сол сәтте біреу Нұрқиясты ұрып жібергенін көріп, оның құлағанын байқайды. Содан кейін сұр жейде киген бір жігіт сыртқа жүгіріп шыққан.

«Ол жүгіріп шығып, айқайлап, әуеге оқ атты. Сосын жігіттерге қарай қаруын кезеніп, екі қадам шегініп, тағы бір рет атты.
Мен Равильді ұстап алып, “ұрсыспаңдаршы, өтінемін” деп, сүйреп әкетуге тырыстым. Қолымнан келгенше тыныштандырмақ болдым. Бірақ ол қолымнан сытылып шығып, төбелес болып жатқан жаққа жүгіріп кетті. Ал мен Дана тұрған көлікке қарай кеттім. Біз екеуміз не істерімізді білмей тұрдық.

Содан кейін бір әйелдің көмек сұраған даусын естідім. Жол жаққа жүгіріп бардым, не болып жатқанын түсіне алмадым, бәрі жүгіріп жүрді. Қара күртеше киген бір жігітті ұстап алып, «тынышталыңдаршы» деп, артқа тартып едім. Сол сәтте мелшиіп тұрып қалдым. Сұр жейде немесе кофта киген бір жігіт жерде жатты, ес-түссіз сияқты болды. Мен де не істерімді білмей, қатып қалдым, ештеңе істей алмадым, ештеңе айта алмадым», – деп баяндады Эльмира Нұрбекова.
Куәгер атыс шығарған адамды көргенін жеткізді, бірақ есімін айтуға үлгермеді. Сот төрағасы жұмыс күні аяқталған соң, Нұрбекованың сұрақ-жауап процесін тоқтатты. Енді ол келесі отырыста, 28 сәуірде қайта жалғасады. Сол күні куәгерге қорғау тарабы өз сұрақтарын қояды. Дәл сол күні Эльмира Нұрбекова оқ атқан адамның есімін атауі мүмкін.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бұл құжат – қазақ халқының тарихи жады мен рухани мұрасының құнды айғағы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.