Астана Қазақстан халқының бірлігі күнін қалай атап өтеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Маусым 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астана Қазақстан халқының бірлігі күнін қалай атап өтеді

25.04.2025
0
Астана Қазақстан халқының бірлігі күнін қалай атап өтеді

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мерекенің құрметіне елордада зияткерлік викториналар мен көрмелерден бастап түрлі концерттер мен жарыстарға дейін ондаған мәдени-спорттық іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

29 сәуірде елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен қалада «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты зияткерлік викторина ұйымдастырылады. Осы күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мектеп оқушылары арасында «Шаттық» байқауының гала-концерті өтеді. Мұнда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» ретро-әндерінің концерті өтеді.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде студенттер арасында түрлі этностардың қатысуымен «Би өнері – ұлттық мұра» атты ұлттық би байқауы өтеді.

30 сәуірде Esil University-де студенттердің қатысуымен «Біз – бір ұлтпыз» атты дөңгелек үстел, сондай-ақ «Бірлігіміз жарасқан» фестивалі өтеді. Сол күні мерекеге орай Техникалық шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері арасында «Татулық мекені» атты жалпықалалық сурет байқауы ұйымдастырылады.

№3 балалар музыкалық мектебінде оқушылардың «Менің елім – Қазақстан» мерекелік концерті, ал №1 өнер мектебінде асфальттағы суреттер байқауы өтеді.

Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектеп қабырғасында дзюдодан 2013-2014 жылдары туған жасөспірімдер арасында қалалық командалық біріншілік өтеді.

№2 Балалар музыкалық мектебінің тәрбиеленушілері мерекеге орай «Бір аспан астында» концертін дайындап отыр.

№2 өнер мектебінде 30 сәуірден 5 мамырға дейін «Бір шаңырақ астында» оқушылар жұмысының көрмесі ашылады. Сондай-ақ, тәрбиеленушілер «Бірлігіміз жарасқан» концертіне шақырады.

Осы күні «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Бар береке – бірлікте» мерекелік концертін ұйымдастырады.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін әзірленген іс-шараға толы бағдарлама 1 мамыр күні де жалғасын табады.

Осылайша, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елордада арнайы акция өтіп, онда жұртшылыққа бауырсақ таратылады.

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мерекелік концерт, ал Президенттік орталықта балалар көркемсурет мектебі тәрбиеленушілерінің суреттеріне арналған көрме әзірленіп отыр.

ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында 1 мамыр мерекесі мен ҚХА-ның 30 жылдығына орай «Бірлік жарысы» жаппай жүгіру іс-шарасы өтеді. Мұнда да елордалық Ассамблеяның шығармашылық ұжымдарының концерті, сондай-ақ халықтық спорт түрлері бойынша спорт жарыстары өтеді.

«Жастар» театрының алаңында қонақтарға арнап концерттік бағдарлама әзірленіп отыр.

Бұл күні «Жастар» сарайында мерекелік концерт ұйымдастырылады. Қонақтарға арнап түрлі этностардың халықтық-қолданбалы өнері мен ұлттық киімдерінің этникалық көрмесі ұйымдастырылады, ал концерттік бағдарламада арнайы шақырылған жұлдыздар өнер көрсетеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін табысты дамытуға толық әлеуеті бар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Ұлы дала жорығы» марафоны еліміздің спорттық имиджін көтеріп қана қоймай, туризм саласына да жаңа серпін бермек

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.