Жарыққа жетелер мейірім – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Қазан 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жарыққа жетелер мейірім

19.10.2025
0
Жарыққа жетелер мейірім

фото:ашықдереккөз

Жасөспірімдік кезең – өзінің кім екенін, өмірінің мәнін іздейтін уақыт. Егер ол іздеген жауапты отбасы мен қоғамнан таппаса, ішкі дауысы оны тұйық жолға апарады. Бұл мәселені шешу тек дәрігерлердің немесе психологтардың міндеті емес. Мұнда мектеп, ата-ана, қоғам – бәрі бір тізбекте әрекет етуі тиіс. Себебі суицидтің алдын алу – дәрі жазып берумен емес, жүрекке жол табудан басталады. Баланы сынаудың орнына тыңдау, талап қоюдың орнына түсіну, ұрыстың орнына жылылық беру қажет. Сонда ғана жасөспірім өз өмірін қымбат, өз орнын маңызды сезінеді.

Өткен жылы елімізде 2389 суицид жағдайы тіркелген. Дүниежүзі бойынша жыл сайын 700 мыңнан астам адам өз өмірін қияды. Мамандардың пікірінше, суицидтік мінез-құлықтың бір ғана себебін анықтау мүмкін емес, себебі оған түрлі әлеуметтік, психологиялық және жеке факторлар әсер етеді. Психолог-суицидолог Сымбат Нұртазақызының айтуынша, психологиялық және биологиялық тұрғыдан қарағанда, психикалық бұзылыстар барлық суицидтік жағдайлардың шамамен 50–60 пайызында кездеседі. Ең жиі байқалатындары — депрессия, биполярлық аффективті бұзылыс, мазасыздық және мінез-құлық бұзылыстары. Сонымен қатар, биологиялық бейімдік те маңызды рөл атқарады.

– Егер отбасында өзіне қол жұмсау жағдайлары тіркелсе, мұндай адамдардың тәуекелі төрт-алты есе жоғары болатыны анықталған. Суицидке бейімділікті күшейтетін тағы бір фактор – психоактивті заттарды қолдану. Алкоголь мен есірткі импульсивтілікті арттырып, өзін-өзі бақылау деңгейін төмендетеді. Сондай-ақ, бұған дейін өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған адамның қайта әрекет ету ықтималдығы 30–40 пайызға дейін жоғары екені белгілі. Әлеуметтік және травматикалық факторлар да суицидтік мінез-құлыққа айтарлықтай әсер етеді. Буллинг пен кибербуллинг — эмоционалды зорлықтың қазіргі заманғы түрлері болып табылады, – дейді маман.

Ал психиатр Жанат Досжанова жастардың суицидке баруына басты себеп – психологиялық күйзеліс екенін айтады.

– Жасөспірімдер психологиялық жағынан әлі толық қалыптаспаған. Олар оңай сенгіш, эмоцияға берілгіш болады. Мұндай ойындар әдейі сол әлсіз тұстарын пайдаланады. Мысалы, өзін жалғыз сезінетін балаға “мен сені түсінем” деп сенімге кіріп, кейін қорқытып, тапсырма береді. Сонымен қатар, көп бала ата-анасымен ашық сөйлесе алмайды, ішінде не болып жатқанын ешкім білмейді. Сол себепті, өзі де жабығып жүрген бала, мұндай ойындарға тез ілігеді. Өз проблемасын шеше алмай, виртуалды әлемнен жұбаныш іздейді, – дейді ол.

Жасөспірімнің өмірі — ең нәзік құндылық. Әр баланың жүрегінде үміт отын сөндірмей, оның жан айқайына дер кезінде құлақ түре білу – біздің ең басты міндетіміз. Суицидтің алдын алу түсіністік пен қамқорлықтан басталады. Баланы тыңдай білсек, сенім артсақ, мейірім танытсақ – ол өмірдің мәнін табады.

 

Өмір СЕРІКБАЙ

 

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазіргі заман – ақпараттық технология мен жасанды интеллект дәуірі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.