Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясатЭкономика

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің перспективті бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ елімізде эстониялық бизнестің кеңеюіне жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін растады.

Жиында Эстония Президенті Алар Карис те сөз сөйледі.

Бизнес-форум аясында екі ел компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды.

Ұқсас жаңалықтар

«Серіктестік, диалог және сенім: берік азаматтық қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел өтті

admin_altyalash

Көктемгі егіс науқаны: шаруаларға 340 мың тонна дизель отыны беріледі

admin_altyalash

Мемлекет басшысы әскери және арнаулы атақтар беру туралы жарлыққа қол қойды

admin_altyalash