Әуезов театрының бір ғасырлық тарихы – халықтың үні, заманның тынысы, ұлттың рухы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қараша 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әуезов театрының бір ғасырлық тарихы – халықтың үні, заманның тынысы, ұлттың рухы

18.11.2025
0
Әуезов театрының бір ғасырлық тарихы – халықтың үні, заманның тынысы, ұлттың рухы

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры жүзінші мерейтойлық маусымын ашты. Мерейтойға орай «Ғасырға басқан қадам» атты салтанатты театрландырылған қойылым қойылды.

Театр ұжымын Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады. Министрдің құттықтау сөзін ҚР МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов оқыды.

«Театр – халықтың рухани қазынасы, мәдениетіміздің өзегі. Бүгінде елімізде театр өнеріне деген қызығыушылық артып, көрермен талғамы күн санап биіктей түсуде. Бұл ең алдымен сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен өлшеусіз шығармашылық ізденістеріңіздің жемісі деп білемін. Ұлы Мұхтар Әуезовтің есімін иеленген театрдың ұлт руханиятын дамытуда алатын орны биік. Қазақтың ұлттық театр өнерін жоғары деңгейге көтеріп, оны гүлдендіру жолында атқарған қызметтеріңіз берекелі, табысты болсын. Өресі биік көрерменді толғандыратын, жан-дүниесіне рухани байлық сыйлайтын жаңа туындыларыңыз көп болсын»,– делінген құттықтау хатта.

Кеш барысында көрермен назарына театр репертуарындағы таңдаулы қойылымдардан үзінділер ұсынылды. Кеште ұлттық театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі актерлердің өнері арқылы өткен мен бүгіннің көркем сабақтастығы көрініс тапты.

Сонымен қатар театр музейі келушілер назарына «Ғасыр жасаған ұлт театры» атты интерактивті көрме ұсынды. Онда экспонаттар мен архив материалдары заманауи форматта көрсетілді.

​Айта кетейік, қазақ өнерінің қара шаңырағы, кәсіби театрдың шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда, Қызылорда қаласында ашылды. Бастапқы қойылымдары Қ. Кемеңгерұлының «Алтын сақина» және М. Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесаларынан үзінділер болды. Театрдың алғашқы құрамында И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Ж. Шанин, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров, Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзақова, М. Шамова, Ж. Шанина т. б. еңбек етті.

1928 жылы театр Алматыға көшті. 1937 жылы 27 ақпанда «академиялық» театр мәртебесін алды. 1961 жылы театр жазушы, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімін иеленді. Ал 2020 жылдың 20 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен театрға «Ұлттық» мәртебесі берілді.

Әуезов театрының бір ғасырлық тарихы – халықтың үні, заманның тынысы, ұлттың рухы. Қазіргі таңда театр өзінің мәдени-рухани миссиясын нақты айқындаған шығармашылық ұжым ретінде ұлттық өнерді дәріптеу, отансүйгіштік пен адамгершілік құндылықтарды насихаттау, жаңа тұрпатты мәдениет жасау және әлемдік мәдени кеңістікке ұлттық өнерімізді таныту жолында табанды еңбек етуде.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада инфекциялық стационар төсектер санын 550-ге дейін ұлғайтуға дайын

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.