Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан полицейі әлем чемпионатының жүлдегері атанды

25-30 қараша аралығында Ресейдің Саратов қаласында әмбебап жекпе-жектен өткен әлем чемпионатына Заманбек Данабеков қатысып, жүлделі оралды. Отыз екі мемлекеттің алпауыттарының басын қосқан әлемдік додада ол 65 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Чемпионатқа қатысушылар кедергілер жолағынан өту, пышақ лақтыру, пневматикалық қарудан ату және қоян-қолтық ұрыс бойынша сынға түсті. Спортшы-полицей Заманбек Қазымбекұлы өз салмақ дәрежесінде Алжир, Франция және Тәжікстан мемлекеттерінің спортшыларын жеңіп, әлемдік доданың қола жүлдесін лайықты жеңіп алды.

– Әмбебеп жекпе-жекке бірінші рет қатысуым. Бір айдай дайындалдым. Әлемдік ареналарда Қазақстанның көк байрағының астында белдескен кезде осалдық танытуға еш қақымыз жоқ. Ендігі мақсатым – әлем чемпионы атанып, Тәуелсіз еліміздің айбынын асқақтату, – дейді намысты жігіт.

Спортты бала кезінен жанына серік еткен Заманбек Данабеков Ақтөбе облысы полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағының жауынгері, бокстан, қоян-қолтық ұрыстан республикалық, әлемдік сайыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, бокстан спорт шебері.

– Спорттық жолым 9 жасымда басталды. Арнайы жасақта спортқа жоғары ден қойылатындықтан, 2022 жылы осы салаға бет бұрдым. Арнайы жасақ қатарында елімнің тыныштығын күзетіп қана қоймай, мұнда бірнеше дүркін әлем чемпиондарымен, нағыз кәсіби спортшыларымен бірге қызмет ету мен жаттығу – мен үшін үлкен мәтебе ғана емес, нағыз кәсіби мектеп, – дейді Заманбек Данабеков.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл жазда Қазақстанда құрғақшылық бола ма?

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

admin_altyalash

Шетелде жасалатын онкологиялық отаның бәрін қазақстандық дәрігерлер де істей алады – онкохирург

admin_altyalash