«Абайға құрмет» акциясы: Қанат Бозымбаев Абай облысындағы әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылыс барысын тексерді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Желтоқсан 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

«Абайға құрмет» акциясы: Қанат Бозымбаев Абай облысындағы әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылыс барысын тексерді

10.12.2025
0
«Абайға құрмет» акциясы: Қанат Бозымбаев Абай облысындағы әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылыс барысын тексерді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Абайға құрмет» республикалық акциясын өткізу бойынша кеңес өткізді. Ол Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылды және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылды. Акция аясында еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалалар Абай облысына бір-бір әлеуметтік немесе мәдени нысан сыйға тартады.

Кеңесте Семей қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу, арнайы экономикалық аймақ (АЭА) құру мәселелері талқыланды. АЭА құрамына 1200 гектар алаңды қамтитын жаңа әкімшілік-іскерлік орталық, заманауи тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысан кіретін болады.

Семей қаласында жаңа инженерлік инфрақұрылым, қазандық, жылу, электр, су құбыры және су бұру желілерін салу міндеттері қаралды.

Бүгінде Абай облысының әкімдігі акция аясындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша өңірлермен белсенді жұмыс жүргізуде. «Абайға құрмет» акциясын алғашқылардың бірі болып Маңғыстау облысының тұрғындары қолдап, Достық үйінің құрылысын бастап кетті.

Түркістан облысы – көрме орталығын, Қызылорда облысы – «Анаға тағзым» ғимаратын, Атырау облысы – «Абай әлемі» орталығын салады. Шымкент – Шығармашылық орталығын, Солтүстік Қазақстан облысы – Мемлекеттік рәміздер алаңын, Шығыс Қазақстан облысы – Ертіс өзені жағалауын абаттандырады. Ақтөбе облысы – Жекпе-жек сарайын, Павлодар облысы – Үстел теннисі орталығын тұрғызады. Астана «Келешек» мектебін сыйға тартса, Алматы – медиаорталық, Қарағанды облысы – ботаникалық бақ, Батыс Қазақстан облысы – желілік саябақ, Қостанай облысы – Руханият орталығын салады.

Қанат Бозымбаев қалған өңірлерге жобаларды айқындау және жүзеге асыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

«Үйлестірілген жұмыстың нәтижесінде біз барлық жобаларды бірыңғай архитектуралық стильде сәтті аяқтап, Абай атына лайықты және өңірдің болашағы үшін маңызды инфрақұрылым құратынымызға сенімдімін», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Жүктелген міндеттерді тиімді және уақтылы жүзеге асыру үшін Премьер-министрдің орынбасары Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне және өңірлердің әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

2025 ЖЫЛЫ ДӘРІГЕРЛЕР ФЕТАЛДЫҚ ХИРУРГИЯНЫҢ АРҚАСЫНДА 105 БОЛАШАҚ НӘРЕСТЕНІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда желтоқсан айындағы маңызды даталарға арналған патриоттық іс-шаралар бағдарламасы басталады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.