ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Желтоқсан 31, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

30.12.2025
0
ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ
Бүгін Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен 2025 жылды қорытындылауға және Жаңа 2026 жылды қарсы алуға арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат төрағалары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы ескі мен жаңа жылдың тоғысында өткенге ой жүгіртіп, жаңа жоспар құрып, келешектің бағытын айқындаудың маңызын айтып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Жыл ағымында өңірде жүзеге асқан жобаларға, қолға алынған бастамаларға, жарқын жетістіктерге тоқталды.
«2025 еліміз, өңіріміз үшін тарихи-саяси маңызды оқиғаларға толы, табысты жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы облысымызға арнайы жұмыс сапарымен келгенде әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарында болып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған істерімізге оң бағасын берді. Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы жұмыс жасайтын үшінші Президенттік кітапхананың Қызылордада салынатынын айтты. Бұл бастаманы барша Сыр жұртшылығы зор қуанышпен қабылдады.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен аймағымызда жаңа жобалар сәтті жүзеге асуда. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындамыз.
Бірер күннен соң жақсылықпен, жақсы үмітпен халқымыздың жеті қазынасының бірі саналатынЖылқы жылын қарсы аламыз. Жаңа жылда игі істеріміз жалғасын тауып, кең байтақ елімізге молшылығы мен тоқшылығын, қасиетті жерімізге бақ-берекесін алып келсін! Жаңа 2026 аймағымызды толайым табыстардың төріне шығаратын жыл болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Тарих қойнауына қарай қадам басқан жыл Сыр өңірі үшін жеңіс пен жетістіктердің және ауқымды жоспарларды жүзеге асырған еңбек адамдарының жылы болды. «Жұмысшы мамандықтар жылында» түрлі салада тер төккен еңбеккерлер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін»медалі, Премьер-министрдің Алғыс хаты, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Елімізде 2012 жылдан бері «Үздік педагог» республикалық байқауы өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде Қызылорда облысынан 41 мұғалім жеңімпаз атанды. 2025 жылы облыстан 4 педагог республикалық, 6 ұстаз облыстық кезеңде үздік деп танылды. Қорытынды іс-шарада оқушылары олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларында жоғары нәтиже көрсеткен шығармашыл мұғалімдерге облыс әкімінің қолдауымен бір реттік сыйақы беріліп, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Сонымен қатар, жыл бойы өз саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген әр саланың үздіктеріне арнайы номинациялар табысталды.
Мерекелік іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгерім Алтынбек Ш.Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсынан Джульеттаның вальсін, «Бақыт вальсін», И.Штраустың «Вена орманының ертегілері» шығармасын орындады.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІН АЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТ ӨҢІРІ» АТАНДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.