ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 135 ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қаңтар 12, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 135 ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.01.2026
0
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 135 ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласының Титов шағын ауданындағы 135 пәтерлік тұрғын үйдің пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Аталмыш тұрғын үй “Жалғыз үйі апаттық деп танылған”санаты бойынша кезекте тұрған жандарға берілді. Рәсімге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы қарқынды құрылыс алаңына айналған қаладағы игілікті істерге тоқталып, жаңа пәтер иелерін құттықтады.
«Осы жыл жаңа бастамалар мен жарқын жоспарлар жүзеге асатын, береке мен бірлігімізді бекемдейтін кезең болмақ.
Бүгін, міне жерлестеріміздің баспаналы болу қуанышына ортақтасып, пәтер кілтін табыстау рәсіміне жиналдық.
Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен барлық салада серпінді жобалар жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында оң тенденция қалыптасты.
2022 жылдан бері өңірде 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, ел игілігіне берілді.
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік- әлеуметтік саясат нәтижелі іске асуда.
2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға
5 мыңнан астам пәтер табысталды.
Алғаш рет барлық ауданда 1800-ге жуық жаңа пәтер жерлестеріміздің игілігіне айналды. Қаламызда заманауи жаңа дизайнмен жеті, тоғыз және он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.
Аймағымыздың ажарын айшықтап, сәулетіне сән қосатын, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін құрылыс индустриясын дамытуда құрылысшыларымыздың үлесі орасан зор.
Жаңа баспаналарыңыздың іргетасы берік, шаңырақтарыңыз татулық пен берекеге толы болғай!»,- деді Н.Нәлібаев.
Салтанатты шарада тұрғын үй құрылысына атсалысқан мамандар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев сөз сөйледі.
Еске салайық, жыл қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн.
700 млрд. теңгеге жетіп, 6,5 пайыздық өсім қамтамасыз етілді, 2021 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. Былтыр облыс бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңге болып, 2021 жылдан бері 246 пайызға артты. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Он тілде еркін сөйлейтін жас полиглот Қазақстанда тұрады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.