Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Түркістанда “Адал полицей” акциясы аясында ақпараттық іс-шара өтті

фото:gov.kz

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаевтың төрағалығымен “Адал полицей” акциясы аясында маңызды іс-шара өткізілді,-деп хабарлайды altyalash.kz.

Шара барысында Түркістан облысы прокуратурасының аға көмекшісі, аға әділет кеңесшісі Ербол Шынәділ – “Заң және тәртіп” қағидаты аясында азаптаудың алдын алудың негізгі міндеттері туралы айтып өтсе, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы бастығының м.а. Әбдірәсіл Әбдісадықұлы Әбиев – “Полиция қызметкері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік” жайлы баяндады.

Сонымен қатар өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрбол Мырзатаев – “Заң үстемдігі – жемқорлыққа қарсы күрестің негізі” атты тақырыпты полицейлерге кең ауқымда түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Бегімхан Ахметов “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында полицейлерге “Полиция қызметкері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік” тақырыбында әсерлі профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның балалары енді “Атлетико Мадрид” клубының футбол академиясында жаттыға алады

admin_altyalash

Баласын өлтіріп, көміп тастаған азамат сотта соңғы сөзін айтты

admin_altyalash

«Таза дүйсенбі»: «Жасыл ел» жасақтары Астанадағы бас мешіт аумағын тазалады

admin_altyalash