Алматы қалалық кардиология орталығында жүкті әйелге алғаш рет рентгенсіз бірегей ота жасалды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қаңтар 27, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Алматы қалалық кардиология орталығында жүкті әйелге алғаш рет рентгенсіз бірегей ота жасалды

27.01.2026
0
Алматы қалалық кардиология орталығында жүкті әйелге алғаш рет рентгенсіз бірегей ота жасалды

Алматы қалалық кардиология орталығында алғаш рет рентген сәулесін қолданбай, жүрекшеаралық қалқаның ақауын эндоваскулярлық әдіспен жабу отасы сәтті жүргізілді. Ота жүректің эхокардиографиясы (УДЗ) арқылы бақылауда өтті. Жүкті болғанына 23 апта болған науқасқа «екіншілік жүрекшеаралық қалқа ақауы» диагнозымен жергілікті жансыздандыру арқылы хирургиялық ота жасалды. Бұл әдіс ана мен ұрыққа рентгенмен сәулелену қаупін болдырмайды.

Алғаш рет жүкті болған науқас тіркелген емханасында кардиологтың тұрақты бақылауында болған. Алайда жүктілік мерзімі ұлғайған сайын жүрек-қан тамырларына түсетін жүктеменің артуына байланысты оның жағдайы нашарлап, жоспарлы түрде ота жасау қажеттілігі туындады.

Ақауды окклюдер көмегімен аз инвазивті эндоваскулярлық жолмен жабу отасын Қалалық кардиология орталығының интервенциялық кардиологтары Астана қаласындағы UMC жүрек орталығының мамандарымен бірлесіп жасады.

Операциялық бригаданың құрамында UMC жүрек орталығының интервенциялық кардиологы Ерік Отарбаев, сондай-ақ Қалалық кардиология орталығының интервенциялық кардиологтары Оразбек Сахов пен Бауыржан Аипов болды.

Отаның басты ерекшелігі — рентген сәулесін қолданбай, толықтай ультрадыбыстық навигациямен орындалуы. Әдетте мұндай хирургиялық ота жүктілік кезінде ұрыққа ықтимал қауіп төндіретін рентгендік бақылаумен жүргізіледі. Ал ультрадыбыстық әдісті пайдалану радиациялық жүктемені толығымен алып тастап, ана мен болашақ баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Ана мен ұрықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жүктілік дәрігерлердің қатаң бақылауымен жалғасуда.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Индер ауданында 39 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.