Ақтөбеде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді.
Ақтөбе қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің алдын алды.
Оқиға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 мекеменің тексеру бөлмесінде болған.
Сәлемдемені рентген қондырғысы арқылы тексеру барысында тыйым салынған заттар анықталды. Бұл бағытта ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Айзат Құрмашев пен кинолог-маман Азат Ахуновтың қырағылығы, жоғары кәсібилігі және үйлесімді іс-қимылы өз нәтижесін берді.
Тексеру кезінде модем-роутер, портативті акустикалық колонка, үш зарядтау құрылғысы, сондай-ақ флеш-жинақтағыш тәркіленді. Сәлемдемені жолдаған азамат ұсталып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әрі қарай тексеру үшін тиісті органдарға тапсырылды.
Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ҚАЖД органдарымен бірлесіп, мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарының жолын кесу бағытында жүйелі әрі мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.