ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысының Шиелі және Жалағаш аудандарында жаңа Конституцияның жобасын түсіндіру жөніндегі Жалпыұлттық коалиция қызметі аясында тұрғындармен кездесулер өткізді.
Шиелі ауданында Алмалы және Ақмай ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өтті. Сондай-ақ «Есіктен есікке» шарасы аясындағы коалиция өкілдері ардагерлер мен аға буын үйлеріне барды. Жалағаш ауданында түсіндіру жұмыстары осындай сипатта өтіп, ашық диалог пен тұрғындармен жеке кездесулерге ұласты.
Сенаторлар кездесулер барысында жаңа Конституция жобасының заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және әлеуметтік әділеттілікті күшейтуге бағытталған негізгі ережелерін жан-жақты түсіндірді.
Нұртөре Жүсіп қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде жаңа Конституцияның жобасы кең қоғамдық талқылаудың нәтижесі болғанын және қоғамның нақты сұраныстарын көрсететінін атап өтті.
«Бұл азаматтар мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып жасалған құжат. Жаңа Конституция еліміздің саяси жаңаруының стратегиялық көрінісін белгілейді және неғұрлым ашық әрі жауапты мемлекетті қалыптастырады», – деді сенатор.
Руслан Рүстемов өз кезегінде реформалардың аймақтық өлшеміне назар аударды.
«Жергілікті жерлерде өкілеттіктерді кеңейту және жергілікті өзін-өзі басқару институттарын нығайту өңірлердегі адамдарды толғандыратын мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Бұл тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға негіз жасайды», – деді ол.
Тұрғындар кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Коалиция өкілдері әрбір өтініш бойынша түсініктеме беріп, айтылған барлық ұсыныстар салалық мемлекеттік органдарға жеткізілетінін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.