Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті – Altyalash.kz
Tuesday, March 31, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті

30.03.2026
0
Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ Қазақстан аталған қорға төрағалық етуін биыл аяқтайды.

Жиынға Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзода, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Тангрыгулы Атахаллыев, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасары – Министрлік жанындағы Су ресурстары қызметінің директоры Алмаз Жээналиев, Халықаралық Аралды құтқару қоры атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салалық министрліктері мен ведомство басшылары қатысты.

Су шаруашылығы саласындағы өңірлік ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, Қор қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ биылғы 22 сәуірде Астанада өтетін ХАҚҚ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық мәселелері қаралды.

Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған Аралды құтқару және трансшекаралық су ресурстарын тұрақты басқару мәселелері басым бағыттар қатарында екенін атап өтті. ХАҚҚ отыз жылдан астам уақыт бойы Орталық Азия мемлекеттерінің су, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзара әрекеттесуінің негізгі өңірлік алаңы болып отырғаны баса айтылды.

Кездесу барысында су есебін жүргізу мен басқаруды цифрландырудың маңыздылығы атап өтілді.

«Мұнда Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүргізу және бөлу бойынша бірыңғай автоматтандырылған жүйені кезең-кезеңімен енгізу туралы сөз болып отыр. Цифрландыру мен есепке алу су пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Сенімді деректердің болуы және бірлескен мониторинг мемлекеттер арасындағы сенімнің негізі болып саналады және су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Қазіргі заманғы шарттық-құқықтық базаны қалыптастыру аясында Қазақстан Орталық Азияның су ресурстарын пайдалану жөніндегі Негіздемелік конвенциясын пысықтауды қолдайды. Құжат су ресурстарын ұтымды пайдалану, трансшекаралық зиянның алдын алу және гидрологиялық ақпарат алмасуды дамыту бойынша келісілген қағидаттарды бекітуі тиіс.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық су проблемаларын шешу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды. Бұл бастама күш-жігерді біріктіруге және қосымша ресурстарды тартуға, соның ішінде өңірлік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Қор жұмысының тиімділігін арттыру, оның институттары арасындағы үйлестіруді күшейту және қабылданатын шешімдердің нәтижелі жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдастырушылық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ алдағы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында негізгі мәселелер бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогті жалғастыруға, су дипломатиясын дамытуға және өңірдің су ресурстарын тұрақты басқаруға, сондай-ақ Арал теңізі бассейніндегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған ортақ шешімдерді бірлесіп іздеуге мүдделі екенін растады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

АСТАНАДАҒЫ СИРЕК МҮМКІНДІК!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.