Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Делегация мүшелеріне сайлаушылар көрмесі таныстырылды

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, «Жастар және сайлау» республикалық форумына қатысушылар облыстық сайлау комиссиясы орналасқан «Сайлау үйінің» жұмысымен танысты.

Сол жағалаудағы жаңа ғимарат аймақ басшысының тапсырмасымен заманауи талаптарға сай жабдықталды. Әр өңірден келген делегация мүшелерінің айтуынша, осындай «Сайлау үйі» тек Қызылордада ашылған.

Мұнда Daryn AI атты онлайн робот-көмекші іске қосылған. Ол сайлаушыларға өз учаскесін табуына көмектесетін арнайы қосымша арқылы қолжетімді. Негізгі сұрақтарға жазбаша және аудио форматта жауап береді.
Делегация мүшелеріне сайлаушылар көрмесі таныстырылды. Онда мектеп президентін сайлау кезіндегі онлайн дауыс беру, цифрлық технологиялар мен датчиктер көмегімен әзірленген «ақылды бюллетень» жобасы ұсынылды. Сонымен қатар, 3D графикамен жасалған жұмыстар, сайлау тақырыбына арналған қолөнер бұйымдары қойылған.

Жас сайлаушылар клубының белсенділері сайлау процесін қарапайым әрі қызықты етіп түсіндіретін комикстер шығарған. Жасанды интеллект көмегімен жасалған дауыс берудің маңыздылығы туралы мультфильмдер топтамасын ұсынды.

Айта кету керек, өңірде 9 аумақтық, 134 округтік және 378 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді, олардың құрамында 2642 мүше бар.

Ұқсас жаңалықтар

ҚазҰУ-дың 90 жылдығы – ұдайы алға жылжу және ұлы жетістікке жету жылдары болып отыр

admin_altyalash

Күн энергиясы – әлемдегі ең таза және жаңартылатын энергия көздерінің бірі

admin_altyalash

Баскетболшы ойыннан кейін бүйрегінен айырылды

admin_altyalash