Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғамЭкономика

ЭКСЖ аясында Жетісу облысында электр желілері жаңартылып жатыр

Жетісу облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында әуе электр желілерін қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл электр желілері сонау 1972 жылы іске қосылған және бүгінде толығымен ескірген. Мәселен, қазір бірінші кезекте жөнделіп жатқан желіде өткен жылдың басынан бері 9 рет апат болып, жарық өшкен. Бұл мәселені биыл қазан айында толық шешу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ЭКСЖ жобалық кеңсесі.

Не болып жатыр?

Жетісу облысында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жоба аясында 2026 жылға арналған  тек электр энергетикасы саласында 10-ға жуық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде бірден 3 жоба Ескелді ауданына тиесілі. Бұл жобалардың жалпы құны шамамен 1,9 миллиард теңге.

Сандар сөйлейді 

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан бірінші жоба – аудан орталығы – Қарабұлақ кентіндегі 10/0,4 кВ әуе желісін күрделі жөндеуден өткізу. Бұл желінің ұзындығы 49 шақырым. Оның іске қосылғанына 53 жыл болған, енді ол толығымен жаңартылады. Қазірдің өзінде жоспарланған 1 104 темірбетон бағананың 800-і орнатылып қойды. Жобаны 2026 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін іске асыру жоспарланған.

Дәйексөз 

«Бұл жобаны іске асыру мектептер, ауруханалар, балабақшалар, мәдениет ошақтары, әкімшілік ғимараттар, сондай-ақ қарапайым тұрғындар мен өндіріс орындарын қосқанда, жалпы 1 076 абонентті тұрақты әрі үзіліссіз жарықпен қамтамасыз етеді. Осы жұмыстардың нәтижесінде апат қаупі азайып, жарықтың өшуі сирейді, сонымен қатар кернеу сапасы артып, электр желілері тұрақты жұмыс істейтін болады», – деп хабарлады ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті.

Осы ауылда ЭКСЖ аясында тағы 2 жоба іске асырылмақ: біріншісі – ұзындығы 47,115 шақырым болатын әуе электр желісін қайта құру. Қазір бұл нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Ал екіншісі – трансформаторлық қосалқы станцияны жаңарту. Бұл нысан үшін қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс берілген, олар жаздың ортасында жеткізіледі деген жоспар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасып жатыр

admin_altyalash

Стационарлық емес сауда нысандарын жаппай бөлшектеу жұмыстары басталды

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АУЫЛ ӘЙЕЛІ: БІРЛІК. ДАМУ. БОЛАШАҚ» АТТЫ ӨҢІРЛІК АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

admin_altyalash