Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ОбществоӨнер

Жұмысымызды ЖИ жеңілдетпек

Бұрын анимациялық өнім жасау үлкен қаржы мен арнайы мамандар тобын қажет ететін, күрделі жұмыс болды. Қазақфильмдегі анимация бөліміне барып, идеяны түсіндіріп жүремін дегенше біраз уақыт өтіп кететін еді. Сондықтан мәселен Қобылан батырдың визуалды көрінісін насихаттау үшін жырдағы сипаттамаларын жинап, портретін дайындау үшін суретшіге жіберіп, оны түрлі-түсті кітап етіп шығаратынбыз. Оған қосымша газет, журналдарға мақалалар шығатын.  Одан ары насихаттауға әлеует жетпегендіктен жұмыс осымен тоқтап қалатын еді. Қолданысқа ЖИ келгелі бері бәрі мүмкін бола бастады. Бұрынғыдай көп қаржы, студия, түсіруші мамандарды қажет етпей, сценарист пен режиссер көмегімен ғана анимация жасауға болады. Сапасы әзірге керемет болмаса да, уақыт өте түзеле беретіні анық. Ең алғашқы видеолар мен қазір шығып жатқан видеолардың сапасын салыстырсақ айырмашылығы айқын көрінеді. 2024 жылдан бастап OpenAI, Google, Tencent, Imagine Art, Sora, Veo 2, т.б көптеген видео жасайтын құралдар шыға бастады.

Ғаламторда да ЖИ видеоларының қандай үлкен қарқынмен дамып жатқаны жайында талқылаулар да көбейіп жатыр. Мысалы «Реддит» әлеуметтік желісінде 2023 жылы жасалған видео мен 2024 жылғы жасалған идео екеуінің айырмасын салыстырған. Расында тек бір жылдың ішінде әжептәуір өзгеріс енгенін  байқай аламыз. (1 сурет, 2 сурет). 1 сурет            

 

2 сурет

 

Дәл осы қарқында сапасы арта берсе бірер жылда шынайы камераға түсірілген видеолардан айыру мүмкін емес кезеңге келеміз. Анимация да осылай дами бермек. Қазірдің өзінде қысқа анимациялық видеолар көп шығып жатыр, кейбірі кәсіби деңгейде түсірілгендей әсер қалдырады. Мәселен, «Өнер қырандары» театрының «Адам: нартәуекел» атты жақында шыққан мултьфильмі ЖИ көмегімен жасалған. Бір қарағанда олай деп айту қиын, себебі шынайы анимациядан айырмашалықты әрең табасың. Алғашқы бастаманың өзі осындай болса уақыт өте сапалы өнімдер шығатыны анық.

Бастысы шығарғың келген кейіпкердің бірізденген бейнесін, болмысын алу. Көшеде кетіп бара жатқан кез-келген адамды тоқтатып, «мына кейіпкер кім?» деп сұрағанда жауап бере алатындай күйге жеткізуіміз керек. Осы мақсатта Мемлекеттік тілді дамыту институтында 29 сәуір күні ЖИ технологияларын қалай тиімді пайдаға асыруға болатыны туралы талқы өтті. Жиынға қатысқан суретшілер мен ЖИ мамандарына дайын тұрған «100 томдық бабалар сөзі» жинағының ішіндегі аңыз-әңгімелерді және сондағы кейіпкерлердің сипаттамасынан ауытқымаған бейнелерін жасап, тарату керек екендігі жайында айтылды. Қазір әлемдегі кең танымалдылыққа ие болып жүрген кейіпкерлердің басым көпшілігі ойдан құрастырылған, ал бізде олар дайын тұр, тек бейнелерін біріздендіру керек.  Біз осы істі қолға алып, «Аңыз-әңгіме кейіпкерлерінің визуалды портретін әзірлеудің филологиялық негізі және практикалық маңызы» атты жоба аясында кейіпкерлердің портреттерін дайындап жатырмыз (3 сурет, 4 сурет). Дайындалған ғылыми негізі бар портреттер видео құрастырушыларға үлкен көмек.

 

 

3 сурет 

 

4 сурет

 

ЖИ арқылы дайындалған видеоларды сабақ беру барысында да қолдануға болады. Ол сабақты көрнекі әрі ықшам түсіндіруге мүмкіндік береді. Әрі қазір балалар қысқа әрі визуалды контентті ұнататындықтан оқуға деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.

Заман өзгерді, талап өзгерді. Сол заманның талабына сай Жасанды интеллектіні тиімді пайдаланатын уақыт келді. Өйткені ұлттық мұрамызды алтын сандыққа сақтап қоя салмай, қолдан келгенше дәріптеуіміз абзал. Ал ЖИ бұл тұрғыдан бізге үлкен көмек болмақ.

 

 

Маханбетқызы Аружан.

Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкері

Ұқсас жаңалықтар

Этномедиация как путь к укреплению согласия в обществе

admin_altyalash

«Bishimbayev University» FAKE

admin_altyalash

ОСТАЛОСЬ 50 ДНЕЙ ДО 5-Х ВСЕМИРНЫХ ИГР КОЧЕВНИКОВ!

admin_altyalash