Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новости

Қызылордалық полицей қыз әлем чемпионы болды

Қазақстандық полицей қыз әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласында 14-17 шілде аралығында ересектер арасында белбеу күрестен әлем чемпионаты өтті. Сайысқа 10 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысты.

Әлемдік додада Қазақстанның намысын қызылордалық полицей қыз қорғады. Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Арайлым Оразбай 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Ол 5 елдің спортшыларымен күресіп, нәтижесінде финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласын аса басымдықпен жеңіп, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

В Актюбинской области продолжается общенациональная акция «Таза Қазақстан»

admin_altyalash

Тренинг для региональных журналистов по современным технологиям состоялся в Шымкенте

admin_altyalash

Нариман Торегалиев передал ветеринарной службе 106 новых автомобилей

admin_altyalash