Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиПолитика

Қытаймен шекарада туристер үшін жаяу жүргіншілер бағыты ашылмақ

Фото: kaz.people.cn

 – Қытаймен шекарада туристер үшін жаяу жүргіншілер бағыты ашылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

«Мемлекет басшысының 2023 жылдың 5 қыркүйектегі Алматы облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, Нарынқол ауданында туристер үшін жаяу жүргіншілер бағытын ашу үшін өңір әкімдігі өз құзіреті шегінде барлық шараны қабылдады. Қытаймен шекарада 135 гектар жер учаскесі анықталды. Бүгінде Қытай тарапының ұстанымын күтіп отырмыз. Өткізу пунктін ашу шекаралас ауылдардың дамуына серпін береді», — деді өңір басшысы.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев
Фото: Видеодан кадр

Оның атап өтуінше, Ойқарағай, Шымбұлақ және тау шаңғысы курорттары арасында аспалы жолдар жүргізу тау кластерін дамытуға оң әсерін береді. Осы орайда қажетті жабдықтардың қымбат болуына және әлемдік тәжірибені ескере отырып, инвесторлардың ірі жобаларға кеткен шығындарын өтеуді 25-тен 70 пайызға дейін арттыру қажет.

«Ойын бизнесіндегі мәселенің бірі – ол лицензияны ұзартуды жеңілдетіп, мерзімін қысқарту. Мәселен, біздегі «Макао» ойынханасы екі айдай жұмыс істеген жоқ. Соның салдарынан 500 адамның уақытша жұмыссыз қалу қаупі болды. Кірісі 330 млн теңгеге кеміді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Ұқсас жаңалықтар

Восстановлены нарушенные права предпринимателей

admin_altyalash

Бейбарыс Каблан стал Чемпионом мира по таеквондо (WT) среди спортсменов до 21 года

admin_altyalash

В преддверии Дня спасателя Касым-Жомарт Токаев ознакомился с работой новой пожарной части №23 в Астане

admin_altyalash