Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Испания төртінші рет Еуропа чемпионы атанды

фото: УЕФА

Испания құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды.

Айта кетсек, Астана уақыты бойынша бүгін түнде Берлин қаласындағы «Олимпийский» стадионында Испания мен Англия құрамасы арасында финалдық матч өтті. Алғашқы таймда есеп ашылмағанмен, екінші таймның 47-минутында Испания құрамасы гол соғып, есепте алға шықты.

Англия да толассыз шабуыл ұйымдастырып, 73-минутта Коул Палмер есепті теңестірді. Алайда 86-минутта Испания құрамасының ойыншысы Микель Оярсабаль гол соғып, Испанияның төртінші рет Еуропа чемпионы атануына септігін тигізді. Ал Англия құрамасы екінші рет Еуропа чемпионатының финалында жеңіліске ұшырады.

Еске сала кетсек, Испания құрамасы 1964, 2008 және 2012 жылы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

21 мая — День работников культуры и искусства

admin_altyalash

Соңғы бес жылда Қазақстан білім мен ғылымға салынған инвестиция көлемін бес есе арттырды.

admin_altyalash

«В этом году воды много, люди довольны. Через 10-15 дней планируем снова собрать урожай», — аграрии Туркестанской области о поливном сезоне-2024

admin_altyalash