Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Елордада тұңғыш халықаралық «Qazproperty» конгресі өтті

ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков «Qazproperty Qongress» коммерциялық жылжымайтын мүліктің бірінші халықаралық конгресіне қатысты.

Конгресстің басты тақырыбы – «Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жаңғырту». Әлемдік сарапшылар инновациялық технологиялық шешімдерді, инвестициялар қорларды, сондай-ақ жаһандық салалық тәжірибелерін талқылады.

«QAZPROPERTY» негізгі мақсаты – коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының тиімді дамуы үшін жағдай жасау, ашықтық пен инвестициялық тартымдылықты арттыру.

Бұл нарық мамандарына арналған алғашқы ашық диалог алаңы. Қауымдастықтың мәліметінше, бүгінде Астана қ. 2,5 миллион шаршы метрге жуық кеңсе және миллион шаршы метрге жуық сауда орталықтары бар. Ал коммерциялық кеңістіктің бестен бір бөлігін ғана кәсіби қызметкерлер басқарады. Нарықты инвесторлар үшін тартымды әрі түсінікті ету үшін сауатты менеджерлер мен заманауи нормативтік-құқықтық база қажет дейді сарапшылар.

«Құрылыс секторындағы жобаларды басқару функциясын жетілдіру шеңберінде Министрлік техникалық тапсырыс беруші тұжырымдамасын енгізу арқылы құрылыс жобасын іске асырудың қолданыстағы тетігін қайта қарауды ұсынады», –атап өтті Бақытжан Жүнісбеков.

Қатысушылар қызметкерлерден панельдік сессияларда инвестицияларды, энергияны үнемдеу, функционалдық және жайлылық үшін заманауи трендтер мен технологияларды талқылады. Конгрессте сөз сөйлеген атақты спикерлердің бірі – «CLOU ARHITECTS» негізін қалаушы Ян Клостерманн болды, ол Қытайдағы нысандарды жобалау тәжірибесімен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

Каждый гражданин должен оценивать свои слова и действия с точки зрения закона

admin_altyalash

Менеджер автосалона прихватил с собой сейф с 30 млн тенге в Кокшетау

admin_altyalash

Спикер Сената — об уровне образования: Падает читательская грамотность школьников

admin_altyalash