Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Мамыр 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

11.03.2025
0
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады
фото:Ақорда
Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды.Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды. Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде алты жоба биыл іске қосылады.

Берік Уәли облыстағы әлеуметтік нысандардың және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, тұрғындардың сұранысына сай мектептер мен балабақшалар салу, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, коммуналдық шаруашылық саласындағы қордаланған проблемаларды, әсіресе Семей қаласының осы бағыттағы мәселелерін шешу өте өзекті.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынды. Облыс орталығындағы аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр. Осы ретте аспалы көпірдің жүктемесін азайтып, көлік нөпірін реттеу мақсатында Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда.

Мемлекет басшысы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуі тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды. Сонымен қатар Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды лайықты деңгейде ұйымдастырудың маңызына назар аударды.


БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жер саласында талмай еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандар марапатталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.