Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Алматыда дәмханаға келген адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталды

Жақында қаладағы дәмханалардың бірінде оқиға орын алды: 45 жастағы ер адам мекеме қызметкерлерін балағаттауына жол берген. Қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты Алмалы аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушының жеке басын анықтады және ұстады. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
«Кез келген жанжалды жағдай заң аясында шешілуі керек. Балағаттау, қорқыту, агрессия әділ шешімге әкелмейді, тек мәселені ушықтырады. Біз азаматтарды заң талаптарын сақтауға, келіспеушіліктер туындаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырамыз», – деді, Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Алматы полициясы, дұрыс мінез-құлық – қоғамдағы қауіпсіздік пен өзара сыйластықтың кепілі екенін еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

Бизнес шет қалмауы керек: Астананың кәсіпкерлері ауқымды экологиялық акцияға қолдау білдірді

admin_altyalash

«Бәрі өтірік»: Шымкентте үйінді астында қалған жігіттің өліміне қатысты тың дерек шықты

admin_altyalash

Бір тәулік ішінде жолда қалып қойған 800-ден астам адам құтқарылды

admin_altyalash