Ұлттық құрылтай – бұл тек пікір алмасатын орын емес, бұл – нақты шешімдер қабылданатын, ел болашағын айқындайтын саяси институт – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық құрылтай – бұл тек пікір алмасатын орын емес, бұл – нақты шешімдер қабылданатын, ел болашағын айқындайтын саяси институт

30.04.2025
0
Ұлттық құрылтай – бұл тек пікір алмасатын орын емес, бұл – нақты шешімдер қабылданатын, ел болашағын айқындайтын саяси институт
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерімен кездесті. «Қазақстанның болашағы: бірлік, даму және жаңғыру» тақырыбында өткен ашық диалог алаңы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген баяндамасын талқылауға арналды.

Кездесу барысында Президент кеңесшісі оқу орнына Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізді. Ол Президенттің Ұлттық құрылтайдағы баяндамасының мәні мен маңызын түсіндіріп, елдің басты даму бағдарын айқындайтын құжат ретінде құрылтайдың стратегиялық рөлін атап өтті.

«Президент кеңесшісі ретінде бірқатар аймақтарда болдым. Алдағы уақытта да осындай кездесулерді барлық өңірлерде жалғастырамыз. Себебі Ұлттық құрылтай – бұл тек пікір алмасатын орын емес, бұл – нақты шешімдер қабылданатын, ел болашағын айқындайтын саяси институт», – деді Мәлік Отарбаев.

QyzPU Басқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай өз сөзінде Ұлттық құрылтайда көтерілген өзекті мәселелерге тоқталып, білім беру мекемелерінің мемлекет пен қоғам арасындағы сенім көпірі ретіндегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Адал азамат» бастамасы, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбие төңірегіндегі ұстанымдарын қолдайтынын білдірді.

Кездесу аясында университет оқытушылары мен белсенді студенттері өз көзқарастарын ортаға салды. Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ләззат Әділбекова «Ұлттық бірлік – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан Президентінің бастамалары мен стратегиялық бағдарламаларына тоқталды.

«Қазақстан – БҰҰ Электронды үкімет рейтингі бойынша алғашқы 25 мемлекеттің қатарында. «Ұлттық қор – балаларға», «Келешек» бағдарламасы, сапалы білім мен медицинаға бөлінген қомақты инвестициялар – мұның барлығы ұлттың келешегі үшін жасалып жатқан нақты қадамдар», – деді Ләззат Әділбекова.

Ол сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстан» құру идеясын қолдап, бұл бағыттағы әрбір азаматтың рөлі ерекше екенін айтты.

Жиын соңында университет ұжымы Мемлекет басшысының реформаларын толық қолдайтынын білдіріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, білім мен ғылым саласын дамытуға белсенді үлес қоса беретінін жеткізді. Мәлік Отарбаев университет ұжымына сәттілік тілеп, ел болашағы – білімді де мақсатшыл жастардың, әсіресе қазақ қыздарының қолында екенін атап өтті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«LADY FARMER» байқауы басталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұл – дәстүрлі мәдениеттің бай мұрасын көрсетуге берілген үлкен мүмкіндік

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.