Тазалық тек қана айналамызда емес, ойымыз бен санамызда да болуы қажет – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тазалық тек қана айналамызда емес, ойымыз бен санамызда да болуы қажет

01.05.2025
0
Тазалық тек қана айналамызда емес, ойымыз бен санамызда да болуы қажет

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық бастамасы аясында ауқымды «Бірлік ағашы» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Еліміздің барлық өңірін қамтыған тазалық іс-шарасына он мыңға жуық азамат қатысты. Каспий теңізінің жағалауынан бастап, Іле Алатауының шатқалдарына дейін көше мен аула, тарихи ескерткіштер мен табиғи аумақтар тазаланды.

Акцияға еліміздегі партия белсенділері мен жақтастары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері және табиғатқа бейжай қарамайтын азаматтар қатысты.

Астанада партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек «Жастар Рухының» мүшелерімен бірге Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойына ағаш екті. Ол аталған іс-шараның Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылуының мәні мен маңызына тоқталды.

«Партиямыз Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жобасына алғашқы күннен бастап белсенді атсалысып келеді. «AMANAT» партиясының мұрындық болуымен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бір жарым жылдан астам уақыттан бері үздіксіз жалғасын табуда. Биыл бұл игі іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Ассамблеяның 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. «Бірлік ағашы» арқылы біз ортақ еңбектің, азаматтық ұстаным мен ынтымақтың үлгісін көрсетеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, «Таза Қазақстан» – бұл тек экологиялық науқан емес, бұл – өмір салты. Тазалық тек қана айналамызда емес, ойымыз бен санамызда да болуы қажет», – деді ол.

Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауында өткен тазалық акциясына 100-ге жуық адам қатысты. 14-шағынаудан жағалауындағы қоқыстар жиналып, жазғы маусымға дайындық жүргізілді.

Алматы қаласында тазалық жұмысы Бутаков шатқалында өтті. Таң біліне қолдарына қолғап пен қап ұстап шыққан партияластар, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері және экологтар, яғни бас-аяғы 50-ден астам белсенді табиғатты қоқыстан тазартты.

Петропавл қаласында тазалық жұмысы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш маңында өтті. Ескі қалалық зираттағы мемориалдың айналасы ретке келтіріліп, тазартылды. Сонымен қатар ескерткіш қайта боялып, тарихи орын қайта қалпына келтірілді. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы мен бірліктің жарқын көрінісі.

Шымкент қаласында да ауқымды тазалық жұмысы қолға алынды. Абай атындағы саябақта орналасқан Даңқ мемориалында «Жастар Рухының» мүшелері батырларға тағзым етіп, патриоттық тәрбие мен экологиялық мәдениет үндестігінің маңызын атап өтті. Айта кетейік, бұл жер Жеңістің 80 жылдығын атап өтетін негізгі орындардың біріне айналмақ.

Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы қолға алынғаннан бері игі іске 4 миллионнан астам адам қатысты. Осылайша, 1,5 миллион тоннадан астам қоқыс жиналып, 3,3 миллионнан астам ағаш егілді. Ал «Таза бейсенбі» акциясы аясында ел аумағында 1000-нан астам ластанған аумақ тазартылып, 70 мыңнан астам азаматтың қатысуымен 120 мың тонна қоқыс жиналды.

Осындай игі бастамалар – ел бірлігінің, азаматтық белсенділік пен ортақ жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Біздің аумақтағы және аумақтық сулардағы барлық ресурстар Украинаға тиесілі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елордада Құқықтық бақылау мен қоғамдық тәртіпті күшейту бойынша нақты жұмыс жүріп жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.