Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Google Classroom қазақ тілінде де қолжетімді

Google компаниясы Google Classroom платформасына тілдік қолдау көрсетіп, сәуір айында тізімге қазақ тілін енгізгенін ресми мәлімдеді. Бұл – Оқу-ағарту министрлігі Алтынсарин академиясының жүйелі жұмысының нәтижесі.

Google Classroom – 170 миллионнан астам адам қолданатын әлемдегі ең танымал білім беру платформаларының бірі. Ендігі таңда қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін жаңа цифрлық игіліктерді пайдалану мүмкіндіктері пайда болды. Бұл – еліміздің оқушылары мен педагогтері үшін цифрлық тең қолжетімділікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам.

Қазақ тіліне өту үшін Google аккаунтында параметрді өзгерту жеткілікті – платформа интерфейсі веб-нұсқаға және мобильді қосымшаға автоматты түрде бейімделеді.

Естеріңізге сала болсақ, қаңтарда Алтынсарин академиясы Google және Microsoft-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Одан бұрын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлемдегі ең ірі IT-компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізген болатын. Google Classroom қазақша нұсқасы – білім беру саласындағы заманауи цифрлық экожүйені құру жолындағы алғашқы қадам.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл жер инвесторлар үшін тартымды инвестициялық орталыққа айналып отыр

admin_altyalash

“Руханият орталығы” Қармақшы ауданында ашылды

admin_altyalash

Қазақстандағы республикалық референдумды байқау үшін 359 халықаралық байқаушы аккредиттелді

admin_altyalash