Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Іс-шараның басты мақсаты – жастарды экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту

Өзбекстанда «Жастар – болашақ жасампаздары» атты IV Халықаралық экология және туризм құрылтайы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал ету.

Форумға Өзбекстан, Қазақстан және басқа да шет елдерден мыңға жуық қатысушы жиналды. Бағдарлама аясында конкурстар, семинарлар, спорттық жарыстар, экологиялық және туристік жобалардың таныстырылымдары, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған іс-шаралар өтті. Сонымен қатар мәдени бағдарламалар, танымал тұлғалармен кездесулер де ұйымдастырылды.

Қазақстандық команда құрылтайда сәтті өнер көрсетіп, КТК ойынында бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Eco Fashion байқауында арнайы номинацияны да жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Биылғы 1 мамырдан бастап 15 тамызға дейін теміржол көлігімен 17 млн тонна көмір тасымалданды

admin_altyalash

ШАРУАЛАРҒА ЖАҢА ТЕХНИКА АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ

admin_altyalash

Дәстүрлі садақ атудан ҚР Кубогына қатысатын садақшылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті

admin_altyalash