Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарСпорт

Бокстан әлем чемпионы Наталья Богдановаға құрмет көрсетілді

Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен спорт саласының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында өңір басшысы Натальяны айтулы жетістігімен құттықтап, оның бапкері Дастан Кабденовке кәсіби шеберлігі мен жанкешті еңбегі үшін алғыс білдірді:

«Натальяның таланты, табандылығы мен жанкешті еңбегі, сондай-ақ оның жаттықтырушысы Дастан Кабденовтың кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығының нәтижесінде, еліміздің көк байрағы тағы да халықаралық аренада биікке көтерілді. Бұл жеңіс – жас спортшылар үшін үлкен үлгі әрі өңірімізде бұқаралық спортты дамытуға жаңа серпін беретін қозғаушы күш. Натальяның отбасы мен жақындарына шын жүректен алғыс айтамын!  Бұл – үлкен жолдың бастауы ғана. Алда Наталья мен Дастанды әлі талай асулар күтіп тұр. Сәттілік тілеймін!»,- деді өңір басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Аида Балаева ақпараттық платформаның 5 жылдығына арналған конференцияға қатысты

admin_altyalash

Президент Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

admin_altyalash

Жаңа Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

admin_altyalash