Бүгінгі нәтиже – мемлекет пен диқандардың бірлескен еңбегінің жемісі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Бүгінгі нәтиже – мемлекет пен диқандардың бірлескен еңбегінің жемісі

02.10.2025
0
Бүгінгі нәтиже – мемлекет пен диқандардың бірлескен еңбегінің жемісі

Ақмола облысы тағы да елдің басты астықты аймағы мәртебесін дәлелдеуде. Өңір диқандары 6 млн тонна егін жинады. Болжам бойынша биыл мұнда жалпы көлемі 7 млн тоннадан артық астық қамбаға құйылмақ. Бұл – соңғы 13 жылда болмаған нәтиже.

Егіс алқаптарындағы жұмыс тұрақты жүріп жатыр: астықтың 80%-дан астамы жиналды, 156 шаруашылық толықтай науқанды аяқтады. Орташа өнімділік гектарына 15,9 центнерді құрады, жиналған астықтың басым бөлігі жоғары сапасымен ерекшеленеді. Бұған қолайлы ауа райымен қатар, маусымға алдын ала дайындалуға мүмкіндік берген кешенді мемлекеттік қолдау ықпал етті.

Биыл егістік алқабы 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 млн гектарға жетті. «Кең Дала-2» бағдарламасы аясында мыңға жуық фермер қаржыландырылып, машиналық-трактор паркін жаңартуға және шаруашылықтардың техникалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік алды. Дала жұмыстарында 20 мыңға жуық техника жұмылдырылған, ал жанар-жағармайға жеңілдікпен берілетін дизель толық көлемде бөлінді. Оның жеткізілімі кестеге сай жүріп жатыр, ешқандай іркіліс жоқ.

Өнімді қорғауға да айрықша көңіл бөлінді. Соңғы екі жылда майлы дақылдар алқабы 2,5 есеге өсіп, алғаш рет жарты миллион гектарға жетті. Миллиондаған гектарда химиялық арамшөпке қарсы өңдеу жүргізілді, ауру мен зиянкестерге қарсы өңдеу көлемі екі есеге артты. Минералды тыңайтқыштарды енгізу де айтарлықтай ұлғайып, астық сапасына тікелей әсер етті. Сонымен қатар, жоғары репродукциялы тұқымдар себілетін алқап көлемі де артып келеді, бұл болашақ рекордтық өнімнің негізін қалайды.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы өнім соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш болмақ. Жалпы 7,2 млн тонна астық пен 650 мың тоннадан астам майлы дақыл жинау жоспарланып отыр.

«Бүгінгі нәтиже – мемлекет пен диқандардың бірлескен еңбегінің жемісі. Біз фермерлерді алдын ала жанар-жағармаймен және тыңайтқышпен қамтамасыз еттік, техниканы жаңарттық, егістікті қорғауды күшейттік. Барлық шара кешенді түрде жүзеге асырылып, жоғары нәтиже берді. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 1,2 трлн теңгеге жетеді. Бұл – саланың тұрақты дамуы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Келер жылдың өнімі үшін шамамен 540 мың тонна тұқым толықтай құйылды. Біз оң қарқын сақталады деп сенеміз», – деді ведомство басшысы Нұрбек Бадырақов.

Сонымен бірге өңір мол өнімді қабылдауға толық дайын. Астық қабылдау кәсіпорындары, қоймалар мен шаруашылықтар толықтай әзірленген. Уақытша сақтау үшін астық қоймалары (қапшық-«жұмыртқа») қосымша пайдаланылуда, ал 260-тан астам астық кептіргіш кез келген көлемді сапалы өңдеуге мүмкіндік береді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы өз жұмысын бастады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Өңірдегі алғашқы цифрлық директорлар кеңесінің мүшесі енді «Самұрық-Қазынада»

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.