Қазақстан Еуропа және Орталық Азия елдерінің арасында ата-аналар балаларды тәрбиелеуде күш қолданудан сирек баратын елдердің қатарына енді — көрсеткіш 53%-дан 38%-ға төмендеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қазан 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Қазақстан Еуропа және Орталық Азия елдерінің арасында ата-аналар балаларды тәрбиелеуде күш қолданудан сирек баратын елдердің қатарына енді — көрсеткіш 53%-дан 38%-ға төмендеді

14.10.2025
0
Қазақстан Еуропа және Орталық Азия елдерінің арасында ата-аналар балаларды тәрбиелеуде күш қолданудан сирек баратын елдердің қатарына енді — көрсеткіш 53%-дан 38%-ға төмендеді

13–14 қазан күндері Румыния астанасы — Бухарест қаласында ЮНИСЕФ пен Румыния Үкіметі ұйымдастырған балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою жөніндегі өңірлік конференция өтуде. Шараға Еуропа мен Орталық Азияның 32 елінен өкілдер қатысуда.

Қазақстан тарапынан Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова қатысып, «Мектептер мен отбасындағы қауіпсіз және қолайлы орта» сессиясында сөз сөйледі.

Конференция барысында MICS (Көпкөрсеткішті кластерлік зерттеу) – 2024 халықаралық зерттеуінің нәтижелері ұсынылды. Зерттеу мәліметтері бойынша Қазақстанда ата-аналардың балаларды тәрбиелеу барысында физикалық жазалау мен психологиялық қысым көрсету деңгейі 53%-дан 38%-ға төмендеген. Бұл көрсеткіш Еуропа мен Орталық Азия елдері арасында ең төмен деңгейлердің бірі болып саналады.

Сессияда сөз сөйлеген Насымжан Оспанова соңғы жылдары Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылықтан және буллингтен қорғауға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асқанын атап өтті. Заңнамаға «буллинг» ұғымы енгізіліп, әкімшілік жауапкершілік белгіленді. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептер мен колледждерде қазақстандық «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы іске қосылды, пилоттық кезеңде буллинг жағдайларының азайғаны байқалды.

Бұдан бөлек, барлық білім беру ұйымдарында «Жеке қауіпсіздік» сабақтары енгізілді. Мектептерде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтері мен психологиялық көмек орталықтары жұмыс істейді. Балаларға жедел көмек көрсету үшін «111» байланыс орталығы іске қосылып, мектептерде балалардың анонимді түрде хабарласуына мүмкіндік беретін QR-кодтар орналастырылған.

Өңірлерде Отбасын қолдау орталықтары мен ерте анықтау бойынша мобильді топтар жұмыс істейді, олар қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға психоәлеуметтік қолдау көрсетеді.

Мемлекет жүзеге асырып отырған барлық шаралар мен бағдарламалар SAFE интерактивті платформасында біріктірілген. Бұл платформа балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық нормалар мен деректерді біріктіреді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент:Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жас опера жұлдыздары Абай атындағы ҚазҰОБТ сахнасында өнер көрсетті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.