Хайп қуған блогерлер тарихты шатастырып жүр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қазан 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Хайп қуған блогерлер тарихты шатастырып жүр

16.10.2025
0
Хайп қуған блогерлер тарихты шатастырып жүр

Блогерлік жанрдың күшеюі – тарихты бұрмаланған күйінде қабылдай беретін буынның пайда болуына алып келіп отыр. Бұл туралы тарихшы Бүркіт Аяған Abay Live ютуб-арнасына берген сұқбатында айтты.
Оның айтуынша, 21 ғасырда әлеуметтік желінің күшеюіне байланысты ақпараттық соғыс тым шиеленісіп кетті. Ең сорақысы, қазіргі таңда блогерлік жанр теріс пиғылды насихат, пропаганда құралына айналып отыр.
«Блогерлік деген дүние кеше ғана пайда болған жоқ. Ол адамзат пайда болғалы бар дүние. Ол ежелгі дәуір, құл иеленушілік кезеңінде де болды. Адамзат туралы, қоғам туралы, дүниенің жаратылысы туралы пікірлер әр кезеңде де айтылып, талқыланып жатты. Алайда оның өзіндік ерекшелігі, қалыптасқан қағидасы бар еді. Ал бүгінгі таңда әлеуметтік желінің күшеюіне байланысты бұл мәселе тым ушығып кетті. Блогерлік жанр бақылаудан шығып, жаппай насихат, пропагандалық сипатқа ие болып кетті. Қазір блогерлер не айтса да сол мезетте жүздеген, мыңдаған адамның құлағына жететін күшке айналып кетті. Ең қауіптілігі – жұрт соны ақиқат деп қабылдайды. Осының салдарынан тарихты қате түсінетін. Жалған зерттелмеген, бұрмаланған күйінде қабылдай беретін буынның пайда болуына алып келіп отыр», – дейді тарихшы.
Сондай-ақ ол бүгінгі таңда әсіресе нақты білімі жоқ тарихшы блогерлердің көбейгенін айтады. Өз кезегінде мұндай блогерлер қоғам үшін өте қауіпті болып отыр. Себебі, мұндай блогерлердің тарихи білімі мен қоғам алдында ешқандай жауапкершілігі жоқ.
«Блогер дегеніміз тарихшы емес, тіптен журналист емес. Журналистика – нақты мамандық иесі. Арнайы білімі, дипломы бар кәсіби маман иесі. Ол аздай журналисттік этикасы, жауапкершілігі, оқыған оқу орны ең бастысы жауапкершілігі болады. Тарихшылар да солай. Олардың өзіндік кодексі бар. Ел алдында, бүтіндей халық алдында жауапкершілігі бар. Тарихи негізге сүйеніп, мұрағат деректерін негіз етеді.
Ал блогерде ондайдың ешқайсысы жоқ. Жауапкершілік, этика деген атымен жоқ. Әрі ол (блогер – ред.) кешегі оқи алмай қалған біреу болуы мүмкін. Бүгінде жоғары білімі, дипломы жоқтардың бәрі блогер болып, хайп қуып жүр. Осылар қазіргінің ақпараттық соғысын ушықтырып, хайп іздеп, өздерін көрсеткісі келіп әлек болып жатыр. Олардың ауызын жабу қиын. Нақты шара керек», – дейді ол.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бұл спорт түрі еліміздегі жетекші бағыттардың біріне айналып отыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Бостандықты бағалаңыздар»: Ұрлық үшін сотталған жас жігіт жастарды қателік жасамауға шақырады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.