Қасиетті Сыр өңірі – астаналар мекені, ұлт руханияты мен мәдениетінің алтын діңгегі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қазан 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қасиетті Сыр өңірі – астаналар мекені, ұлт руханияты мен мәдениетінің алтын діңгегі

17.10.2025
0
Қасиетті Сыр өңірі – астаналар мекені, ұлт руханияты мен мәдениетінің алтын діңгегі
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қызылорданың астаналық кезеңі: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Қайрат Тастекеев, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек Ері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Ұлттық құрылтай мүшесі Асқар Жұмаділдаев, өнертанушы, Қазақстан Суретшілер, Кинематографистер одағының мүшесі Сәуле Қожықова, мемлекет және қоғам қайраткері Болатбек Қуандықов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, академик Берекет Кәрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаев, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, Анкара Хаджи Байрам Вели университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Хулия Касапоглу Ченгел, аталған университет докторанты Фулия Акман, жазушы, публицист, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгер, Абай облысынан келген делегация және аймақтың зиялы қауым өкілдері, қала, аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, саяси партия төрағалары мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессорлары қатысты.
Аймақ басшысы Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына, «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толу мерейтойымен құттықтап, өңір бүгінгі мерекеге толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен жеткенін айтты.
«Қасиетті Сыр өңірі – астаналар мекені, ұлт руханияты мен мәдениетінің алтын діңгегі. Ежелгі Сақ заманындағы Шірік Рабат, Оғыз мемлекетінің астанасы Жанкент, Ақ Орда мен Қазақ хандығының астанасы Сығанақ қаласы, Қазақ автономиялық кеңестік республикасының астанасы Қызылорда – соның айқын дәлелі.
Тарихына үңілсең ғасырлардан сыр тартатын, бүгінін бағамдасаң келешегінің кемелдігін аңғартатын «Сыр – Алаштың анасы» деген даналық сөз баршамызға жақсы таныс. Қилы замандарда, зұлматқа толы күндерде, ақтабан шұбырынды кезеңінде, ел ішін ашаршылық жайлағанда бүкіл қазақ баласы көш-керуенінің басын Сырға бұрып, Сырды анасындай паналаған. Бұл өлкенің қазақ үшін орны да, жөні де бөлек.
Өздеріңізге белгілі Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біздің мемлекеттігіміз мыңжылдықтардан бастау алады, оның тамыры тым тереңде жатқаны даусыз. Бірақ осыдан бір ғасыр бұрын ұлтымыздың өз атауының оралуы тарихи әділдік орнату жолындағы маңызды қадам болғанын ашық айтуымыз керек. Мұндай маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс», – деген болатын.
Президентіміздің Ұлттық құрылтайдың келесі V отырысын Қызылордада өткізу туралы шешімін барша сырбойылықтар зор қуанышпен қабылдап, ризашылық білдіруде.
Астана болған Қызылорда мен бүгінгі жаңарған Қызылорда арадағы жүз жылда бірнеше тарихи кезеңнен өтті. Оның куәгерлері, ұлт мүддесі жолында аймағымыздың дамуына еселі еңбек сіңірген ардақты ағаларымыз ортамызда.
Мереке қарсаңында Қызылорданың кейінгі 100 жылдық тарихына арналған кітап жарық көрді. Өңіріміздің кешегісі мен бүгінінен сыр шертетін деректі фильмдер түсіріліп, көрерменге ұсынылды. Негізгі мақсатымыз – жас ұрпаққа аға буынның жасампаз істерін үлгі-өнеге ету, архивтің алтын қорын толықтыру.
Бүгінде Мемлекет басшымыздың бастамасымен Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру жолында Сыр халқы бекем бірліктің үлгісін танытып, еңбек етуде. Өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілген, республикада алдыңғы қатардамыз. Биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады. Соңғы үш жылда өңір экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Қаламыздың астана болған 100 жылдық мерейтойына сый ретінде әлеуметтік нысандар бой көтеріп, саябақтар мен аллеялар қайта жаңғыртылуда. Еліміздің болашағы балаларымыздың жан-жақты, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыруда жаңа жобалар мен тың бастамалар жүзеге асты.
Мемлекет басшымыздың «Туған жерді бірге түлетейік!» бастамасын қолдаған кәсіпкер-меценаттар, қоғамдық қорлар Сыр өңірін көркейтуге өз үлестерін қосып келеді. Демеушілілер 55 млрд. теңгеден астам қаржыны жаңа жобаларға салды.
Тарих тоғысында болашақтың негізі қаланған мекен – ару Қызылорданың келешегі кемел болғай! Конференция жұмысына сәттілік тілеймін!»,– деді Н.Нәлібаев.
Жиында Ақмешіттің астана болған кезеңі, «Қазақ» атауының қайтарылуы, қала атының «Қызылорда» болып өзгеруі, басқа да маңызды тарихи шешімдер қабылдаудағы ұлт зиялыларының еңбегі және Қызылордада болған тарихи оқиғалар туралы Сәуле Қожықова, Наурызбай Байқадамов, Берекет Кәрібаев, Бейбіт Қойшыбаев, Хулия Касапоглу Ченгел, Қайырбек Кемеңгер, Болатбек Қуандықов баяндама жасады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев облыстық мемлекеттік архивте сақталған ұлт зиялыларының қолтаңбасы қалған құжаттар туралы айтты.
Облыс әкімі барша сырбойылықтар атынан Алаш арысы, ағартушы-ғалым, жерлесіміз, «Қызылорда» атауын ұсынған Қоңырқожа Қожықовтың немересі Сәуле Құлахметқызына ата-баба дәстүріне сай шапан жауып, құрмет көрсетті.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ТҮРКСОЙ мен түркі бауырларымызға тарту еткен бұл сый – бауырластығымыздың және ортақ мәдениетіміздің көрінісі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанның ТЖМ жетістіктері мен жаңа бастамалары

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.